Акжар ауылдық округінде кой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Акжар ауылдық округінде кой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы
Тарбағатай аудандык аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және картасы негізінде Ақжар ауыл тұрғындарыньщ кой-ешкі малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148- II Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына, 37 бабының 1, 2 тармағын басшылыкка алып аудандык әкімдік ҚАУЛЫ ҚАБЬІЛДАЙДЬІ
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің аумағы көлемінде 2007 жылдың 1 каңтарынан бастап шектеу жариялансын.
Тармақ 2
2. Қазакстан Республикасы Ветеринариялык Заңдылықтарына сәйкес Ақжар ауылдық округінің аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы малдәрігерлік шараларының жоспары бекітілсін. /Қосымша №1/
Тармақ 3
3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік . заңдылыктарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Тарбағатай аудандык аумақтық инспекция (А. Жамағатов келісімі бойынша), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (М.Сүлейменова келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (А. Сәметов келісімі бойынша), аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Д.Итбаев келісімі бойынша) тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уакытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аткарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д. Төлембаевка және Ақжар ауылдық округінің әкімі А.Боғырбаевқа міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Смаиловқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет департаментінен тіркеуден өтқеннең. кеиін қолданысқа енгізілсін.
Тарбағатай аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы
Е. Сейлханов
Тарбағатай аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А. Жамағатов
Аудандық МСЭҚ
басқармасының бастығы
М. Сүлейменова