Об областном конкурсе по качеству образовательных услуг среди общеобразовательных и профессиональных школ Қолданыста
Басқа 0
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасындағы білім сапасы жөніндегі облыстық конкурс туралы
Облыс мектептерінде оқыту мен тәрбие берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, олардың Қазақстан Республикасындағы орта білім беру Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келуі мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында білім сапасы бойынша облыстық байқау ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында білім сапасы бойынша облыстық конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мектептер рейтингін анықтау үшін конкурс комиссиясы құрылсын және оның құрамы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Білім беру мекемелері қызметтері мен аралық көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің рейтингтік бағаларының негізгі көрсеткіштері бекітілсін.
Тармақ 5
5. Байқауды өткізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру, білім сапасын дамытуға ерекше үлес қосқан жүлдегер мектептер мен мұғалімдерді марапаттау үшін Павлодар облысын дамытуға көмек көрсету қоғамдық Қорынан 2 (екі) миллион теңге мөлшерінде жүлделік қор белгіленсін.
Тармақ 6
6. Байқау комиссиясы жүлдегер мектептерді марапаттау жөнінде шешім қабылдау үшін қорытынды құжаттарды үстіміздегі жылғы тамыздың 10-не дейін тапсыратын болсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсін.
Басқа 8. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында білім сапасы жөніндегі облыстық конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы
Ереже
Облыс әкімінің 1999 жылғы
1 сәуір № 50 шешіміне
1-қосымша
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында білім сапасы жөніндегі облыстық конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы
Ереже
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептер арасында білім беру сапасы жөнінде облыстық конкурсты ұйымдастыру мен өткізу туралы осы Ереже жоғары сапалы білім мен тәрбие беретін мектептерді анықтау жөнінде конкурс өткізудің мақсатын, міндеттері мен тәртібін анықтайды.
Облыс мектептерінің конкурсы білім сапасына баға беру, оның Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келуі мақсатында, сонымен бірге облыста білім беру жүйесінің беделін көтеру мақсатында өткізіледі.
Мыналар:
білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарын орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген мектептерді анықтау;
білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту, тұтасынан оқу тәрбие беру үрдісінің тиімділігін көтеру;
педагогикалық ұжымдардың шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру;
озық педагогикалық тәжірибені анықтау және оны тарату конкурстың міндеттері болып табылады.
Конкурс мынандай алты номинация бойынша өткізіледі:
мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын ауыл мектептері арасында:
мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын қала мектептері арасында;
кәсіби мектептер арасында;
селолық аудандар мен қалалар арасында.
Жүлдегерлерді анықтау үшін әрбір номинацияда грант белгіленеді:
қалалар мен аудандар үшін – 200000 (екі жүз мың) теңге;
мектептер үшін – 120000 (жүз жиырма мың) теңге;
облыста білім беруді дамытуға ерекше үлес қосқан ұстаздар үшін – 20000 (жиырма мың теңге (41 адам).
Конкурс жүлдегерлерінен басқа артықшылық есебінде оқу ісінің жеке бағыттарын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген 6 мектеп (конкурс дипломанттары) анықталады.
Конкурс дипломаттарын марапаттау үшін 50000 (елу) мың теңге мөлшерінде сыйақы белгіленеді.
Конкурсты бүкіл оқу жылы бойы жүргізіледі (қыркүйектің 1-нен шілденің 15-не дейін) Конкурс шарттары мен конкурстық құжаттамалардың талаптары мектеп ұжымдарының назарына жеткізіледі. Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде қабылданады.
Ұсынылған материалдарды қарау және конкурсқа қатысуға өтініш білдірген мектептердің рейтингін анықтау үшін облыс әкімінің шешімімен құрамында облыс білім, экономика, денсаулық сақтау департаменттерінің, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының өкілдері, мектеп директорлары бар конкурс комиссиясы құрылады.
Комиссиясының қажет болған жағдайда мектептер қызметтерін бағалауға оларды басшыларының келісімімен жоғары оқу орындары оқытушылары экономистер, заңгерлер есебінен сарапшылар таратуға құқылары бар.
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
Тармақ 1
1. Кезең – ауылдық (қалалық) – 1999 жылғы 1 мамырға дейін;
Тармақ 2
2. Кезең – облыстық – 1999 жылғы 15 шілдеге дейін.
Конкурс қорытындысы облыс әкімінің жүлдегерлерді марапаттау туралы шешім қабылдауына берілетін конкурс комиссиясы мәжілісінің хаттамасы түрінде ресімделеді.
Жүлдегерлерге гранттар тапсыру жаңа оқу жылы басталар алдындағы педагогикалық конференцияларда салтанатты жағдайда өткізілетін болады.
Конкурс өткізу кезінде туындағы талас мәселелерді шешу үшін құрамында 5 адамды бар шағым (аппеляциялық) комиссиясы құрылады.