О создании социальных рабочих мест по предприятиям и организациям района Күшін жойған
Басқа 0
Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес тұрғындардың әлеуметтік-қорғалмаған санатттарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың нысанды топтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымша беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауданның жүұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілер мен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жаряланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 6. Железин ауданы бойынша тұрғындардың нысанды топтарының тізбесі
Железин аудан әкімдігінің
2007 жылғы «18» қаңтар № 34/1
қаулысына қосымша
Железин ауданы бойынша тұрғындардың нысанды топтарының тізбесі
Аз қамтамасыз етілгендер:
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
жалғызітіліктілер, оқу жасындағы баласы бар көп балалы ата-аналар;
қарамағында, Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген ретте, үнемі күтімді, және қадағалау қажет ететін тұлғалары бар азаматтар;
жалғыз басты азаматтар;
мүгедектер;
зейнеталды жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығыуына екі жыл қалған);
бас бостандығынан айыру орындарының немесе мәжбүрлеп емдеу орындарынан босағандар;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күші қатарындағы қызметтен кеткендер;
репатрианттар (оралмандар);
50 және одан үлкен жастағы тұлғалар;
Отбасыларында бірде бір жұмыс істеушесі жұмыссыздар;
ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар.
Басқа 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУ
Железин аудан әкімдігінің
2007 жылғы «18» қаңтар № 34/1
қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУ
Бұл Нұсқау халықтын нысаналы топтарының жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды (бұдан әрі-Нұсқау), әлеуметтік жұмыс орындарын беретін кәсіпорындармен есеп айырысц жүйесін және шарттарын реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
әлеуметтік жұмыс орны – халықтын нысаналы топтарындағы жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілдік органдарда тіркелген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмысшының еңбегіне төлем үшін бөлшектек өтемақы жұмыс берушінің шығынынан алынған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушілермен әдейілеп құрылатын немесе берілетін жұмыс орны.
нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз етілу және сақтандыру туралы заңдылық актілері таратылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа бағыттау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Халықтын нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс беруші мен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі асарында жасалған шарт негізінде 6 айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Халықтын нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс берушілер мен алынған жұмысшылардың еңбегіне төлем жергілікті бюджет қаражатынан бөлшектеп төлеу шарты негізінде беріледі немесе құрылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын кәсіпорындарды іріктеу ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмыссыздар жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілдік органның есебінен шығарылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмысшылардың еңбегіне төлем мөлшері жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының нормтаивті-заңдылық актілеріне сәйкес белгіленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарының дереккөзі және қаражаттандыру шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарының дереккөзі және қаражаттандыру шарттары
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру дереккөзі: жұмыс берушілер мен жергілікті бюджет қаражаты.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру «Жұмыспен қамту бағдарламасының» 002 бағдарламасының «Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» 102 бағдарламашасы бойынша іске асырылады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілдік орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орнына алынған жұмысшының еңбекақысының бөлігін жергілікті қаражаты есебінен өтеу туралы шарт жасайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін (Нұсқауын) бақылау белгіленген заңдылық тәртібінде мемлекеттік органдармен іске асырылады.