О Почетной грамоте маслихата Павлодарского района Қолданыста
Басқа 0
Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасының беру Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Павлодар ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасының
Нұсқаулығы
Павлодар аудандық мәслихаттың
(3 шақырылған 27 сессиясы)
«Павлодар ауданы мәслихатының
Құрмет грамотасы туралы»
2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 27/165
шешімімен бекітілген
Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасының
Нұсқаулығы
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасының берілуін және үлгісін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Павлодар ауданының мәслихаты Қазақстан Республикасы азаматтарының Павлодар ауданының әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына, достық пен қоғамдық келісімінің нығаюына үлес қосқан еңбектерін қоғамдық бағалау үшін Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасын бекітеді.
Тармақ 3
3. Қазақ тілінде толық аталуы: Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасы; орыс тілінде: Почетная грамота маслихата Павлодарского района.
Құрмет грамотасы өң бетінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» деген жазуы бар қосымша беті бар көгілдір түсті папкадан құрылған.
Қосымша бет жайылған түрде қалың жылтыр қағаздан баспаханалық тәсілмен жасалған. Қосымша беттің үстінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және үстіңгі жағында мемлекеттік тілде «Павлодар аудандық мәслихаты» және төменде орыс тілінде «Павлодарский районный маслихат» деп жазылған.
Қосымша беттің сол және оң жағында жоғарыда Қазақстан Республикасының туы бейнеленген.
Қосымша беттің сол жағында марапатталатын адамның мемлекеттік тілде тегін, атын әкесінің атын және еңбектерін көрсету үшін орын бөлінген.
Қосымша беттің оң жағында марапатталатын адамның орыс тілінде тегін, атын, әкесінің атын және еңбектерін көрсету үшін орын бөлінген.
Тармақ 4
4. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім мәслихат хатшысының өкімімен қабылданады.
Тармақ 5
5. Құрмет грамотасымен мыналар марапатталады:
азаматтар және заңды тұлғалар Павлодар ауданының экономикасының, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білімін дамытуға, достық пен қоғамдық келісім нығайтуға қосқан үлестері мен ерекше еңбектері, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметтері үшін.
Тармақ 6
6. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасы салтанатты түрде Павлодар ауданы мәслихатының хатшысымен немесе сессия төрағасымен тапсырылады.
Тармақ 7
7. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттауға кандидатуралар бойынша ұсынымдар еңбек ұжымдарымен немесе тұрақты депутаттық комиссиялармен ұсынылады.
Тармақ 8
8. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін мынадай құжаттар ұсынылуға тиіс:
Тармақша 1
1) еңбек ұжымының өтініші;
Тармақша 2
2) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулысы;
Тармақша 3
3) марапаттау қағазы (заңды тұлға үшін - ұсыным).
Тармақ 9
9. Павлодар ауданы мәслихатының Құрмет грамотасын беру туралы хаттама және журнал жүргізіліп, сондай-ақ журналда оны марапаттау күні мен реттік саны туралы белгі жасалады.
Тармақ 10
10. Журнал, хаттама Павлодар ауданының мәслихатында сақталады.