Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындардың квотасын бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдергі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Барлық жеке меншіктік нысандағы ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпорындарға, жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жылсайынғы жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.