Об утверждении категорий рынков и ставок сбора за право реализации товаров на рынках области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар мөлшерi мен базарлардың санаттарын бекiту туралы 📌 Ескерту. Атауға өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен. Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 4 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының базарларында тауар (жұмыс, қызмет көрсету түрлерiн) сату құқығы үшiн алымдар төлеу тәртiбi мен мөлшерлерi жөнiндегi ережелердi бекiту туралы" № 840 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Базарлардың санаттары бекiтiлсiн (№ 1 қосымша);
Тармақ 2
2. Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңы нормативi бекiтiлсiн.(№ 2 қосымша)
Тармақ 3
3. Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар жинау жөнiндегi мемлекеттiк мекеме (Дүйсемұратов) облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдарды дер кезiнде күнделiктi толық жинау бойынша кiдiрiссiз шаралар қабылдасын. 📌 Ескерту. 2 және 3 тармақтар жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен.
Тармақ 4
4. Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы 18 маусымдағы "Базарларда тауар сату құқығы үшiн алымдар туралы № 145 шешiмiнiң күшi жойылды деп табылсын.
Тармақ 5
5. Қала, аудан әкiмдерi базарлар санаттарын және базарлардағы тауар сату құқығы үшiн алымдар мөлшерлерiн белгiлеу мәселелерiн реттеу бойынша бұрын қабылданған шешiмдерiнiң күшiн жойсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Е.А. Самофаловқа жүктелсiн.
Басқа 7
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 104 шешiмiне № 1 қосымша Облыс базарларының категориялары
Тарау 1. 1. Шымкент қаласы бойынша:
1. Шымкент қаласы бойынша: Базарлар Базарлардың категориясы аттары Бiрiншi АО "Базар", Жұманов автокөлiк базары, Керуен-Сарай, Шынар, Әубәкір, Гаухартас, Жәрмеңке, Ералы, Жабық сауда комплексi, Ләззат, Отырар, Рахиля, Сұлтан-Бейбарыс, Назым апа, Дәулетов, Дамелi, Данабек, Төменгi базар. Екiншi Машат, Көмеш-бұлақ, малдық-жемдiк, Альянс, Күлтай-ана, Қаплан-сауда, Евразия, Исатай, Янги-шахар, Өтеп, Нариманов көшесi бойындағы Гүл базары, Мадияр, Әсел, Ювелирный, Батырлар, Дауреханова, Зәуре, Еркiнбек, Көктем. Үшiншi Ынтымақ, Киров бөлiмшесi, Өмiр, Дархан, 1000-мелочей, Қ. Сатқұлов, Коммунизм бөлiмшесi, Альфа, Мария, Эмиль, Айгүл, Ер-нұр, Торлан, Қалдаяқов, Хаят және Шымкент қаласының тағы басқа базарлары. II. Түркiстан, Кентау, Арыс қалаларына, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкiбас, Шардара, Созақ, Бәйдiбек, Отырар аудандарына 3 категория тағайындалсын.
Басқа 9
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 104 шешiмiне № 2 қосымша Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi 📌 Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 08.07.1999 № 203 шешімімен. Базарлардың арнайы бағдары 1 сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi I категория II категория III категория Азық-түлiк 5 5x24=120 5x20=100 5x16=80 Киiм-кешек 6 6x20=120 6x18=108 6x14=84 Ұсақ-түйек тауарлар 2 2x24=48 2x20=40 2x16=32 Автомобильдiк 8 8x16=128 8x14=112 8x12=96 Мал базары: ұсақ мал iрi мал 5 8 5x14=70 8x14=104 5x12=60 8x12=96 5x10=50 8x10=80 Автомашинаға қосалқы бөлшектер 6 6x20=120 6x18=108 6x14=84 Пайдалануда болған қосалқы бөлшектер 3 3x16=48 3x14=42 3x12=36 Гүлдер 4 4x20=80 4x18=72 4x14=56 Ескерту:
Тармақ 1
1. Базар санатына және сатылатын тауар түрiне байланысты, автомашина мен контейнерден сауда жасау үшiн есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi екi есе болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Егер сауда жасаушы нормативтен асатын базар алаңын пайдаланған жағдайда, сату құқығы үшiн алым пайдаланылған базар алаңына пропорционалды түрде өседi.