Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны по расходам на содержание жилища и оплату коммунальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны по расходам на содержание жилища и оплату коммунальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 31.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2012 31908_185801.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07KA000051
- ЭКБ идентификаторы
- 31908
- Редакция идентификаторы
- 31908_185801
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:08
0 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша ай сайын 2,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, материалдық көмек көрсетілсін.
2 2. Уәкілетті орган болып табылатын "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім):
1
1) бөлім тізімдері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары бойынша материалдық көмектің ай сайын, уақытылы тағайындалуын және жеке есеп шоттарына төленуін қамтамасыз етсін, ал материалдық көмекті алуға құқығы бар, Бөлім тізімдерінде жоқ тұлғаларға белгіленген тәртіп бойынша тұлғаның белгілі бір санатқа жататындығын растайтын құжатқа сәйкес, банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш тапсырады;