Об организации оплачиваемых общественных работ Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбелері, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Рубинский В.И.) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кураева Л.С.) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1670 «Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-37, 2006 жылғы 10 наурыздағы «Қостанай» газеті, Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 1285 «2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1670»«Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы», тіркеу нөмірі 9-1-54, қаулысымен толықтыру енгізілген) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2007 жылдың 01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесі
Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтарда № 151 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесі № Ұйымның атауы Жұмыс пен қызметтің түрлері Орындалатын жұмыс пен қызметтің көлемі: Нақты көрсеткіштерде Адам күні 1 2 3 4 5 1. Қостанай қаласы әкімдігінің «Тазалық 2000» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қала аумақтарын қолмен тазарту, кездейсоқ және ірі қоқыстан тазарту, жол жиегіндегі бөлігін қоқыс пен  қардан тазарту, аялдама алаңдарын қоқыс пен қардан тазарту, тротуар секторларын тазарту, ағаштар мен жол жүру бөлігінде жол жиегіндегі тас түрдегі қоршауды ақтау 61362000 шаршы метр 16380 2. «Таза-Жол 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көпшілік пайдаланатын жерлер мен көшелерді қолмен тазарту Көгалдарды шабу Жол жиектерін ақтау 2381600 шаршы метр 124000 шаршы метр 15000 қума метр 1040 3. Қостанай қаласы әкімдігінің «Стикс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Көпшілік пайдаланатын жерлер мен көшелерді үнемі қолмен тазарту 121500 шаршы метр 3120 4. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бау-бақша учаскелерінің алаңын өлшеу. Тұрғын үйде тұрған фактісі жөнінде актілерді жасауына қатысу Ескертулерді, сотқа шақыру қағаздарын және бұйрықтарды беру 120000 шаршы метр 2400 дана 6020 дана 3360 5. Қостанай қаласы әкімдігінің «Теркомодағы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Текстильный, Западный, Элеваторный, Южный шағын аудандарды ағымдағы күтіп  ұстау: шағын аудандардың орталық көшелерін, саябақтарды және кірме топтарын күнде санитарлық тазалау (қолмен сыпыру) шағын аудандардың кірме топтарындағы және орталық көшелеріндегі қоқысты үнемі қолмен жинау қоқысты, құмды, жапырақты үнемі тиеу және шығару жол жиегіндегі тасты мезгілімен тазалау және ақтау көшелер мен саябақтардағы арам шөпті қолмен шабу (маусымына төрт рет) арам шөпті қолмен тиеу және шығару (маусымына төрт рет) шағын аудандардың орталық көшелеріндегі және кірме топтарындағы қатқан мұзды күнде ою және тазарту қатқан мұзды күнде қолмен тиеу және шығару 926600 шаршы метр 926600 шаршы метр 260 тонна 39000 қума метр 95800 шаршы метр 7 тонна 8130 шаршы метр 70 тонна 6050 6. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Тұрғын үй қорын зерттеу (отбасы құрамы, тұратындардың нақты саны, температуралық режимін өлшеу, тұтыну нормалары) 8000 пәтер ай сайын 5520 7. Қостанай қаласы әкімдігінің «Мәдениет және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қала аумақтарын үнемі қолмен тазарту: кепкен ағаштарды кесу жасыл егістер жасыл бұтақтарды кесу ағаштарды ақтау жол жиегіндегі алаңды қолмен жинау шөп шабу кепкен шөпті қолмен тиеу бұтақтарды жинау және қолмен тиеу Тобылдың жағасындағы саябақ пен жағажай аумақтарын ағымдағы күтіп ұстау: тротуарларды қардан үнемі тазарту жол жиегіндегі тасты үнемі ақтау күнде қоқысты жинау шөп шабу (маусымына төрт рет) құмды қопсыту (аптасына үш рет) әжетхананы жинау (аптасына үш рет) әжетхананы ақтау (айына бір рет) Орталық саябақты ағымдағы күтіп ұстау: былтырғы жапырақты жинап шығару қоқысты үнемі жинап шығару шөп шабу (маусымына төрт рет) жол жиегіндегі тасты мезгілімен ақтау ағаштар мен бұтақтарды үнемі кесу 320 дана 740 дана 1407 дана 1478 дана 4500 қума метр 27 гектар 756 текше метр 8 текше метр 290 текше метр 4500 қума метр 135000 шаршы метр 42000 шаршы метр 70 гектар 1120 шаршы метр 102 шаршы метр 8370 шаршы метр 580 текше метр 18000 шаршы метр 8000 қума метр 2400 дана 8780 8. Қостанай қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-пайдалану қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Аумақты және жертөле жайларын үнемі жинау Үйлердің төбелерін мезгілімен жинау 274900 шаршы метр 8600 шаршы метр 7500 9. «Шебер» коммерциялық фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жолдар мен тротуарларды ағымдағы күтіп ұстау: жол жиектерін қардан, қатқан мұздан, батпақтан, қоқыстан және шаңнан үнемі қолмен жинау 13835500 шаршы метр 5600 10. «Қостанай ЭнергоОрталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Есептеу аспаптардың көрсеткіштерін ай сайын жазып алу Электрқуатына уақытында ақы төлеу жөнінде ескертулер беру ай сайын жеке сектордың 38800 абоненті 6240 11. «Қостанай облысы Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау департаментінің Қостанай   перзентханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Бас корпустың жертөле жайларын және шаруашылылық ғимаратын жинау Көкөністерді сақтау және электрлік тораптар үй-жайында жинау Қосалқы жайларды жинау Перзентхана аумағындағы шөпті маусымына екі рет шабу Қоқыс пен темір сынықтарын шығару 1600 шаршы метр 200 шаршы метр 100 шаршы метр 8000 шаршы метр 18 тонна 396 12. «Көмек»  қоғамдық қоры Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісінен сақтандыру жөніндегі жұмысты тәуекел топтарында ұйымдастыру: қолданылған шприцтерді, кейін оларды отқа жағып жіберуімен, айналымнан шығаруымен шприцтерді айырбастау сақтандырғыш қорғану құралдарын беру ақпараттық-білімділік арнайы сақтандырғыш әдебиеттерін беру 200000 дана 20000 дана 1000 дана 1450 13. «Қостанай облысы Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау департаментінің Қостанай қалалық ауруханасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Чердак және жертөле жайларын тазарту: чердак және жертөле жайларынан қоқысты шығару аурухана аумағынан  қоқысты жинап шығару қоршауды сырлау жертөленің қабырғалары мен еден жабынын әкпен сырлау тұрмыстық жолдар мен спорт ғимараттарын орнату кәріз құдықтарын тазарту спорт алаңын жайластыру ағаштар мен бұталарды кесу Халықтың әлеуметтік қорғалмайтын жіктерімен жұмыс жасау: жеке куәліктерін, интернат-үйлеріне орналастыру үшін  құжаттарды ресімдеу 1,5 тонна ай сайын 50 тонна 300 шаршы метр 500 шаршы метр ай сайын 300 қума метр 11 дана ай сайын 800 шаршы метр 1350 дана 40 адам 870 14. «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы Жағар-жанармай материалдар қоймасының аумағын кепкен шөптен жинау Шөп шабу және шабылған шөпті жинау 115120 шаршы метр 1300 15. «Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік орталығы»  республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық түгендеу өткізуге көмек көрсету 10000 объект 2955