Об утверждении перечня целевых групп населения Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 256 «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-39, 2006 жылғы 30 наурыздағы «Қостанай» газеті) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.
Басқа 6. Халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Қостанай қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 15 қаңтардағы № 85
қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 13
13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.
Тармақ 14
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
Тармақ 16
16. Орта білім беру мектептерінде, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында оқитын жастар.