Об утверждении перечня государственных учреждений, содержащихся за счет областных, городских и районных бюджетов Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
“1999 жылға арналған мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу үшiн Қазақстан
Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң
бағдарламалары мен кiшi бағдарламаларын бекiту туралы” Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737 қаулысын
орындау үшiн
ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен (N 1 қосымша), қалалық, аудандық бюджеттердiң
(N 2 қосымша) есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi
бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалық, аудандық бiлiм бөлiмдерiнiң жанындағы әдiстемелiк
кабинеттердi, мектеп жасына дейiнгi тәрбие мекемелерiн бюджеттiк
қаржыландырудан шығарып, коррекциялық мекемелерден басқасын, 1999 жылғы 1
қаңтарға дейiн өзiн-өзi қаржыландыруға аударылсын.
Тармақ 3
3. 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнайы орта оқу орындарымен бiрге
облыстық мамандықты жетiлдiру институттары мемлекеттiк тапсырысқа
аударылсын.
Тармақ 4
4. 1999 жылғы наурыздың 1-не дейiн облыстық бiлiм департаментi
(Байхонова С.З.) облыстық кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн реформалау туралы
ұсыныс жасасын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 6. Облыстық бюджет есебiнен
қаржыландырылатын мекемелердiң тiзбесi
Облыс әкімінің 1999 жылғы
30 наурыздағы N 661
шешiмiне қосымша
Облыстық бюджет есебiнен
қаржыландырылатын мекемелердiң тiзбесi