О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған
Басқа 0
Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдіктермен 2007 жылғы белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (2007 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақша 2
2) жалпы білім беретін оқу орындарының, лицейлер мен кәсіптік мектептердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледж оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) – 300 теңге тұратын оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2007 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақша 3
3) барлық меншік түріндегі кәсіпкерлік мектептер мен лицейлерде, колледжер (он бірінші сыныптың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғаларға құны 1000 теңге тұратын жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 пайызын төлеген жағдайда (2007 жылдың 01 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
Тармақ 2
2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитылардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер 2007 жылдың жаз мезгілінде (01 маусымнан 31 тамызға дейін) сақталсын:
Тармақша 1
1) жетім балаларға,
Тармақша 2
2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға,
Тармақша 3
3) дамуына мүмкіндігі шектелген балаларға,
Тармақша 4
4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға,
Тармақша 5
5) көп баласы отбасы балаларына,
Тармақша 6
6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға,
Тармақша 7
7) жалғыз басты аналар балаларына.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру» 100 кіші бағдарлама бойынша, «Білім ұйымдастырының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша 395 514 мың теңге сомасында Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджетінен қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы XXVIII сессиясының «Күндізгі оқу нысанында оқитын окушылардың қала ішіндігі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» №3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемелкеттік тіркеу тізілімінле тіркелген нөмірі № 8-1-24, «Взгляд на события» газетінде 2006 жылғы 5 сәуірдегі №13 (129) жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрайымы Майра Мәжікенқызы Оспанова).
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі.