Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения (интереса) по кредитам, выдаваемым банками второго уровня предприятиям по переработке сельскохозяйственной продукции на пополнение их оборотных средств Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiн бекiту туралы "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 қарашадағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарды мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 ақпандағы N 135 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2006 жылғы 8 желтоқсандағы, " Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрленген және екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға өндiрiстiк мақсаттар (қайта өңдеу) үшiн олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер (бұдан әрi - кредит) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялау ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың дамуын қолдау шарасы болып табылады және кредиттер бойынша сыйақы ретiнде қарыз алушылардың банктерге төлейтiн төлемдерi сомасын iшiнара арзандату үшiн жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Субсидиялау 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының (бұдан әрi - бағдарлама) 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтін кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi - қаражат) есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады: банктер - уәкiлеттi орган ұсынған тiзбеде көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктер; қатысушы банктер - бағдарламаны iске асыруға қатысатын екiншi деңгейдегi банктер; қарыз алушылар - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындар; бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi; уәкiлеттi орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк орган; анықтау - бағдарламаның қатысушы банктерiн iрiктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджет субсидияларын бөлу.
Тарау 2. 2. 2007 жылы бағдарламаның әкiмшiсi анықтайтын банктердiң сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртiбi
2. 2007 жылы бағдарламаның әкiмшiсi анықтайтын банктердiң сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртiбi
Тармақ 5
5. Бағдарламаның әкiмшiсi банктер қарыз алушыларға беретiн кредиттер бойынша субсидиялау үшiн қаражатты мынадай кiшi салалар (лоттар) бойынша бөледi:
Тармақша 1
1) ет өңдеу, құс етiн және жұмыртқа өндiру;
Тармақша 2
2) сүт өңдеу;
Тармақша 3
3) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi қайта өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балалар тағамдарын өндiру;
Тармақша 4
4) майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсiмдiк майын өндiру;
Тармақша 5
5) терi шикiзатын және жүн өңдеу;
Тармақша 6
6) дәндi дақылдарды өңдеу.
Тармақ 6
6. Республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялау сомасы бағдарламаның әкiмшiсi қатысушы банктердiң тiзбесiн бекiткен күннен бастап он екi айға дейiн мерзiмге берiлген кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80 пайызына дейiнiн құрайды, оның сомасы 150000000 (бiр жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиiс. Бұл ретте кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық қарыз алушылар үшiн тең болуы тиiс.
Тармақ 7
7. Бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтауды жүзеге асыру үшiн бағдарламаның әкiмшiсi:
Тармақша 1
1) осы Ереженi қоса бере отырып, бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтау жүргiзiлетiн күн мен орын туралы ақпаратты уәкiлеттi орган ұсынған тiзбе бойынша барлық банктерге жолдайды;
Тармақша 2
2) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемiнде бес адамнан болуы тиiс.
Тармақ 8
8. Банк осы Ереженiң талаптарын түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен, бiрақ өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүгiнуге құқылы. Бағдарламаның әкiмшiсi сұрау салуды тiркеген сәттен бастап үш күн мерзiмде оған жауап бередi және сұрау салудың кiмнен келiп түскенiн көрсетпей, осындай түсiндiрудi бағдарламаның әкiмшiсi осы Ережеге сәйкес шақыру жiберген барлық банктерге хабарлайды.
Тармақ 9
9. Бағдарламаның әкiмшiсi бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қарыз алушыға берiлетiн кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейi жылдық 14,5 (он төрт бүтiн оннан бес) пайыздан аспауы тиiс;
Тармақша 2
2) қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушылар өтiнiмдерiнiң қалыптасқан портфелiнiң болуы;
Тармақша 3
3) банктiң ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындармен жұмыс iстеу тәжiрибесiнiң болуы;
Тармақша 4
4) республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы;
Тармақша 5
5) анықтау жүргiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде уәкiлеттi органның пруденциялық нормативтерiн сақтау;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi орган белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
Тармақша 7
7) филиалдық және/немесе корреспонденттiк желiнiң болуы;
Тармақша 8
8) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң болмауы.
Тармақ 10
10. Осы Ереженiң 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкестiгiн тексеру үшiн бағдарламаның әкiмшiсi жазбаша сұрау салумен уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және жергiлiктi әкiмдiктерге жүгiнедi.
Тармақ 11
11. Банктер қарыз алушыларға қойылатын мына талаптарды негiзге ала отырып, оларды дербес анықтайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резидентi;
Тармақша 2
2) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы, сондай-ақ банк бұрын берген кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы;
Тармақша 3
3) негiзделген бизнес-жобаның болуы;
Тармақша 4
4) өнеркәсiптiк технология мен жабдықтарды пайдалануы;
Тармақша 5
5) өндiруге ұсынылатын өнiмдi өткiзу нарығының болуы және сыйымдылығы;
Тармақша 6
6) отандық тауар өндiрушiден өндiрiстiк мақсаттар үшiн қажеттi ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алу. Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикiзатын ауылдық тауар өндiрушiлер кооперативтерiнен сатып алатын қарыз алушылардың құқығы басым болады. Көрсетiлген талаптарға сәйкес келмегенде комиссияның банктiң өтiнiмдер портфелiнен қарыз алушыны алып тастауына негiз болуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Анықтауға қатысуға ниет бiлдiрген банктер, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк басшысының немесе өтiнiмге қол қою құқығына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаты бар тұлғаның қолы қойылған және банктiң мөрiмен бекiтiлген әрбiр лот бойынша жеке өтiнiмдi ұсынады.
Тармақ 13
13. Өтiнiмде мiндеттi түрде:
Тармақша 1
1) банк туралы жалпы мәлiметтер;
Тармақша 2
2) республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша берешектiң болмауы туралы (бар болуы туралы) мәлiметтер;
Тармақша 3
3) анықтау өткiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтер;
Тармақша 4
4) жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау туралы мәлiметтер;
Тармақша 5
5) осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қарыз алушыға кредит беру кезiнде өз пайдасына қарыз алушыдан алынатын сыйақының және өзге де соманың (сақтандыру, комиссиялық және т.б.) ең жоғары мөлшерi туралы мәлiметтер;
Тармақша 6
6) қарыз алушылармен жұмыс iстеу тәжiрибесi туралы мәлiметтер;
Тармақша 7
7) қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер, бұл ретте қарыз алушылардың өтiнiмдер портфелi жаңадан берiлетiн кредиттерден құралуы тиiс;
Тармақша 8
8) банк өтiнiмде көрсетiлуi қажет деп ұйғарған, жүргiзiлетiн анықтауға қатысы бар өзге де мәлiметтер болуы тиiс.
Тармақ 14
14. Өтiнiмге оның ажырамас бөлiгi ретiнде:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны (банктi) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 2
2) банктiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан асатын мерзiмге салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына берешегiнiң жоқтығы немесе бар екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
Тармақша 4
4) банктiң төлем қабiлетi бар екенiн, таратуға жатпайтындығын, оның мүлкiне тыйым салынбағанын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметi тоқтатылмағанын растайтын банктiң анықтамасы;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi тұлғалардың қолдары қойылған және банктiң мөрiмен бекiтiлген соңғы есептi күнгi банктiң бухгалтерлiк теңгерiмiнiң түпнұсқасы;
Тармақша 6
6) банк филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
Тармақша 7
7) қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң бiрiншi басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктiң мөрлерiмен куәландырылған банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарт;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алуға арналған алдын ала шарттар (өзi өндiрген шикiзатты пайдаланған жағдайда өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы қарыз алушының анықтамасы қоса берiледi);
Тармақша 9
9) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 10
10) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 11
11) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң бiрiншi басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктiң мөрлерiмен куәландырылған кредит берудiң және оны өтеудiң алдын ала кестесi;
Тармақша 12
12) егер өтiнiмге банктiң бiрiншi басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтiнiмге қол қою құқығына сенiмхат;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан асатын мерзiмге әрбiр қарыз алушы бойынша салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына берешегiнiң жоқтығы немесе бар екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының көшiрмесi;
Тармақша 14
14) субсидиялау Ережесiнiң 27-тармағына сәйкес қатысушы банктер тiзбесiн бағдарламаның әкiмшiсi бекiткен күннен бастап 20 күнтiзбелiк күн iшiнде қарыз алушылармен кредиттiк келiсiмдер жасасу және қарыз алушыларға кредиттi толық көлемде беру туралы банктiң жазбаша мiндеттемесi;
Тармақша 15
15) анықтауға қатысушының анықтау шарттарына, осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттар (түпнұсқалар және (немесе) банк мөрiмен куәландырылған көшiрмелер түрiнде беруге жатады) қоса берiледi. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы мен жобаның қысқаша сипаттамасына қарыз алушының бiрiншi басшысының қолы қойылады және оның мөрiмен куәландырылады. Мәлiметтердi қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң филиалы растайды (банк филиалының бiрiншi басшысының қолы және мөрi). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарттың, кредит берудiң және оны өтеудiң алдын ала кестесiнiң, ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алуға арналған алдын ала шарттардың, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы қарыз алушының анықтамаларының факстiк көшiрмелерi немесе ксерокөшiрмелерi ұсынылған жағдайда, олар банк мөрiнiң түпнұсқамен және банктiң соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғасының қолымен куәландырылады.
Тармақ 15
15. Өтiнiм және қоса берiлетiн барлық құжаттар бiр пакетке тiгiлiп, нөмiрленуi керек, соңғы бетiнiң арт жағындағы жiптiң ұшы "___" парақ тiгiлген және нөмiрленген. Күнi 2007 жыл "___" "___" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желiмделiп, банктiң лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi тиiс. Конвертте тiгiлмеген жеке құжаттардың болуына рұқсат етiлмейдi, ондай құжаттарды комиссия қарамайды және банкке қайтарылады.
Тармақ 16
16. Банк бiр уақытта бiрнеше лоттар бойынша өтiнiмдер ұсынған жағдайда, банк басқа конверттерге көрсетiлген құжаттардың N "_____ өңдеу" лоты бойынша конвертке салынғандығы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды конверттердiң бiрiне салуға құқылы. Банк бағдарламаны iске асыруға бiр немесе бiрнеше лоттар бойынша қатысады.
Тармақ 17
17. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi бойынша конверттердi ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде өтiнiм салынған конверттердi ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 18
18. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша комиссия отырысы өткiзiлгеннен кейiн 10 (он) жұмыс күнi iшiнде, комиссия жеке отырысында өтiнiмдер берген банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы мәселелерi шешедi.
Тармақ 19
19. Банк осы Ереженiң 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда комиссия осы банктiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды, осы туралы комиссия отырысының хаттамасына тиiстi жазба жасалады.
Тармақ 20
20. Банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм рұқсат беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде хаттамамен ресiмделедi, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 21
21. Комиссия банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беруi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде жеке отырысында банктердiң өтiнiмдерiн олардың толықтығы және осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi мәнiне қарайды.
Тармақ 22
22. Осы Ереженiң 9, 12, 13, 14, 15-тармақтарының талаптарына толығымен сәйкес келетiн банктер комиссияның шешiмiмен қатысушы банктер болып белгiленедi.
Тармақ 23
23. Қаражат көлемiн лоттар бойынша бөлудi комиссия қатысушы банктердiң қарыз алушыларға лоттар бойынша беруiне жататын кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесiмдi түрде жүзеге асырады. Есеп айырысу кезiнде өтiнiмде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер" деген 7-тарау) көрсетiлген сыйақы сомасы алынады.
Тармақ 24
24. Кредиттер бойынша пайыз ставкасын субсидиялау үшiн әрбiр қатысушы банкке бөлiнетiн қаражат көлемiнiң үлесiн комиссия осы лот бойынша қатысушы банктiң қарыз алушыға беруiне жататын кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесiмдi түрде анықтайды. Есеп айырысу кезiнде өтiнiмде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер" деген 7-тарау) көрсетiлген сыйақы сомасы алынады.
Тармақ 25
25. Қатысушы банктердi анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу туралы комиссияның шешiмi комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi, онда қатысушы банктердiң атауы, орналасқан жерi және деректемелерi, олардың негiзiнде қатысушы банктер белгiленген өлшемдер, қатысушы банктерге берiлетiн субсидиялардың көлемi, қарыз алушылардың тiзбесi, сондай-ақ өтiнiмдердi қабылдамау себептерiн көрсете отырып, белгiленген талаптарға жауап бермейтiн банктер мен қарыз алушылардың атауы көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткiзiлген күннен бастап (бес) жұмыс кyнi iшiнде ресiмделедi, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды. Комиссия шешiмi барлық қатысушы банктерге хабарланады.
Тармақ 27
27. Әрбiр лот бөлiнiсiнде бағдарламаны iске асыратын қатысушылар болып белгiленген банктердiң тiзбесiн қатысушы банктердi анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу жөнiнде комиссия отырысы болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде бағдарламаның әкiмшiсi бекiтедi.
Тармақ 28
28. Анықтау қорытындылары бойынша бағдарламаның әкiмшiсi қатысушы банктердiң тiзбесiн бекiткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде банктер қарыз алушыларға кредиттер бередi.
Тармақ 29
29. Қарыз алушыларға банктер кредиттер бергеннен кейiн 10 (он) жұмыс күнi iшiнде бағдарламаның әкiмшiсi мен банктер арасында қаражат аудару тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн, қарыз алушылардың тiзбесiн және өзге де шарттарды көздейтiн субсидиялауға арналған шарттар жасалады.
Тармақ 30
30. Анықтауды жүргiзу кезiнде қаражат толық бөлiнбей қалған жағдайда бағдарламаның әкiмшiсi анықтаудың жүргiзiлетiн күнi мен орнын бекiте отырып, қайта анықтау жүргiзедi. Бұл ретте бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ағымдағы жылы бюджеттiк бағдарлама бойынша қатысуға iрiктеп алынған және iрiктеу кезiнде бекiтiлген қарыз алушылардың тiзбесiн және олардың субсидиялау сомасын өзгертуге жол берген банктердi қатысушы банктердi анықтауға қатысуға жiбермеуi мүмкiн.
Тармақ 31
31. Бiр қарыз алушыға бiр жыл iшiнде осы Ережеге сәйкес ол бойынша банкке (банктерге) субсидиялау жүзеге асырылатын бiр ғана кредит берiле алады.
Тармақ 32
32. Кейiннен банктiң есеп айырысу шотына аудару үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне қаражат бөлу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Субсидиялар банк бағдарламаның әкiмшiсiне осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктiң есеп шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтiнiм және осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп берген кезде төленедi.
Тармақ 33
33. Бағдарламаның әкiмшiсi банктерге субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылықтың бөлiмшелерiне екi данада төлеуге берiлетiн шоттар тiзiмiмен және төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 34
34. Осы ереженiң 6-тармағына сәйкес берiлген кредит бойынша берiлетiн субсидияны әкiмшi барлық кезеңдегi аударылған сыйақыны ескере отырып қаржы жылы iшiнде толық көлемде аванстық төлеммен аударады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 35
35. Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын тоқтатқан немесе қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн кредиттiк келiсiмдi бұзған жағдайда банк бес күнтiзбелiк күн iшiнде бағдарламаның әкiмшiсiн осы туралы хабардар етуi және бюджетке субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын қайтару жөнiнде шаралар қабылдауы тиiс. Мұндай жағдайда көрсетiлген жағдайлар басталғаны туралы бағдарламаның әкiмшiсiне белгiлi болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады.
Тармақ 36
36. Банктер субсидиялар төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, субсидиялау ретiнде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауап бередi.
Тармақ 37
37. Кредиттi уақтылы және толық қайтару, кредит бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн қарыз алушылар банктердiң алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауап бередi.
Тармақ 38
38. Бағдарламаның әкiмшiсi өз құзыретi шегiнде қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауап бередi.
Басқа 1. ӨТІНІМ
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 1-қосымша ӨТІНІМ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң____N__ қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiн қарап, оларды алу осымен куәландырылады, ____________________________________________________________________                            (банктiң атауы) 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бюджеттiк бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасын мынадай лот бойынша ____________________________________________________________________                       (кiшi саланың (лоттың) атауы) iске асыруға қатысуға тiлек бiлдiредi.                    Осы өтiнiм мыналарды қамтиды: 1. Бағдарламаны iске асыруға қатысушы туралы мәлiметтер Толық атауы___________________________________________________ Заңды мекен-жайы______________________________________________ Нақты мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы_____ ____________________________________________________________________ Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (N____, күнi, берген орны, берген орган)* ____________________________________________________________________ Лицензия, N___, берiлген күнi және лицензияны берген органның атауы* ____________________________________________________________________ Бiрiншi басшының Т.А.Ә._____________________________________________ *түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi ұсынылады. 2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы (бар екендiгi туралы) мәлiметтер а) мерзiмi өткен берешек бар болған жағдайда толтырылады: P/c N Кре­дит көзi (рес­публи­ка­лық, жер­гiлiк­тi бюд­жет) Ал­ған күнi Со­ма­сы, млн.тең­ге Кре­дит мақ­са­ты Шарт бой­ын­ша өтеу мерзi­мi Мерзi­мi өт­кен бе­ре­шектiң со­ма­сы б) мерзiмi өткен берешек жоқ болған жағдайда толтырылады: Банктiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бұрын алған кредиттерi бойынша берешегi жоқ. 3. Ірiктеу өткiзiлген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның пруденциалдық нормативтерiн сақтау туралы мәлiметтер Бiр қарыз алушыға қауiптiң ең жоғары мөлшерi (_____________) Өтiмдiлiк коэффицентi (______________________) Ашық валюталық позицияның лимиттерi(____________________) Банктiң негiзгi қаражатқа және басқа да қаржы емес активтерге инвестициялары ең жоғары мөлшерiнiң коэффицентi (________________) 4. Жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау туралы мәлiмет Жарғылық капиталының мөлшерi млн. теңге(____________________) Меншiктi капиталының мөлшерi млн. теңге (___________________) 5. Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қарыз алушыға кредит беру кезiнде өз пайдасына алынатын сыйақының ең жоғары мөлшерi туралы мәлiметтер Банктiң қарыз алушыларға кредит беру кезiндегi сыйақы (мүдде) ставкасының ең жоғары мөлшерi жылдық_______________________%. 6. Қарыз алушылармен жұмыс iстеу тәжірибесi туралы мәлiметтер P/c N Кәс­iп- орын­ның ата­уы Ме­кен- жайы, те­ле- фо­ны Негiз­гi қыз­мет тү­рі Есеп­тiк шот аш­қан күнi Кре­дит- тер­дiң са­ны мен со­ма­сы Кре­дит- тiң пай­ы­здың став­ка­сы­ның со­ма­сы Кре­дит- тер, пай­ы­здар бой­ын­ша қай­тар- ым­ды­лы­ғы
Тармақ 7
7. Қарыз алушылардың өтiнiмдер портфелi туралы мәлiметтер P/c N Заң­ды тұл­ға- ның, кәс­iп- орын­ның то­лық ата­уы Ме­кен- жайы Негiз­гi қыз­мет түр­ле­рі Кpe­дит мақ­са­ты Кре­дит со­ма­сы, млн.тең­ге Сый­а­қы со­ма­сы*, млн.тең­ге Ескертпе: * Әрбiр кәсiпорын бойынша ұйымдық-құқықтық нысаны, барлық кредиттер, олардың сомасы және пайыздық ставкасы көрсетiледi. ** Бөлiнетiн субсидиялардың сомасы кестеде көрсетiлген сомаға байланысты болғандықтан, сыйақы сомасы дәл есептелуi тиiс. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы * Жобаның қысқаша сипаттамасы * Кредиттi берудiң және өтеудiң алдын ала кестесi * * әрбiр қарыз алушы бойынша қоса берiледi Бiрiншi басшы__________________________________________(Т.А.Ә) (қолы) М.О.
Басқа 2. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 2-қосымша Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы* 1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны_____________________; 2. Меншiк нысаны____________________________________________; 3. Заңды, нақты және электрондық мекен-жайы, телефондары, факсы _____________________________________________________________; 4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi, берген орган, N, күнi мен берген орны ___________________________________________________; 5. Жарғы капиталының мөлшерi ________________________________; 6. Құрылтайшылар____________________________________________; 7. Банк деректемелерi_______________________________________; 8. Салықтық есепке алу үшiн тiркеу орны, СТН N______________; 9. Бiрiншi басшының Т.А.Ә., қызметтiк және үй телефондары____ __________________________________________________________________; 10. Негiзгi қызмет түрлерi __________________________________________________________________; 11. Жылдық айналымы, сомасы_________________________________; 12. Соңғы есептi күнгi пайдасы немесе шығыны, сомасы________ __________________________________________________________________; 13. Қызметкерлердiң нақты саны______________________________; 14. Бюджетке төленетiн төлемдер, салықтар және басқа да алымдар бойынша берешегi (қай түрi бойынша және сомасы) __________________________________________________________________; 15 Кредиттер бойынша берешегi (кiмге және сомасы)___________; 16. Өткiзудiң болжалды нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы __________________________________________________________________; 17. Пайдаланылатын жабдықтардың негiзгi түрлерi және олардың өнiмдiлiгi (ауысымында тонна, литр, дана)_________________________; 18. Ауыл шаруашылығы шикiзатын негiзгi жеткiзушiлер (алдын ала шарттар, анықтамалар және т.б. қоса берiлсiн)_________________; (Өз өндiрiсiнiң шикiзатын пайдаланған жағдайда қарыз алушының өзi өндiретiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы анықтамасы қоса берiлсiн) Кәсiпорынның бiрiншi басшысы_________________________(Т.А Ә.) (лауазымы) (қолы) М.О. (күні) _______________________________________________туралы мәлiметтер ** (кәсiпорынның атауы) растаймын___________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрi) (қолы) Ескертпе: * әрбiр қарыз алушы бойынша жеке толтырылады ** мәлiметтер банктiң немесе қарыз алушыға қызмет көрсетiлетiн оның филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
Басқа 3. Жобаның қысқаша сипаттамасы*
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 3-қосымша Жобаның қысқаша сипаттамасы* 1. Кәсiпорынның атауы__________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 2. Сомасы______________________________________________________ 3. Мерзiмi_____________________________________________________ 4. Сыйақы ставкасы_____________________________________________ 5. Жобаның мақсаты_____________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ P/c N Са­тып алы­на­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ши­кi­за­ты­ның ата­уы Ба­ға­сы Са­ны Со­ма­сы Жобаны iске асырудан жоспарланып отырған нәтижелер________________ Кәсiпорын басшысы_________________________________________(Т.А Ә.) (лауазымы) (қолы) М.О. (күні) _______________________________________________туралы мәлiметтер** (кәсiпорынның атауы) растаймын:_________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрi) (қолы) Ескертпе: * әрбiр жоба бойынша жеке толтырылады ** мәлiметтер банктiң немесе қарыз алушыға қызмет көрсетiлетiн оның филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
Басқа 4. Кредиттi берудiң және өтеудiң алдын алу кестесi
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 4-қосымша Кредиттi берудiң және өтеудiң алдын алу кестесi Айы Ай ба­сын­да берiл­ген кре­дит со­ма­сы, мың тең­ге Ай со­ңын­да өтел­ген кре­дит со­ма­сы, мың тең­ге Есеп­тел­ген сый­а­қы­ның жал­пы со­ма­сы, мың тең­ге Бiрін­ші Екiн­шi Үшiн­шi Tөр­тiн­шi Бесiн­шi Ал­тын­шы Жетiн­шi Се­гiзiн­шi То­ғы­зын­шы Онын­шы Он бiрiн­шi Он екiн­шi Бар­лы­ғы Банк филиалының бiрiншi басшысы___________________________(Т.А.Ә.) Күні M. О. Қарыз алушының бiрiншi басшысы_____________________________(Т.А.Ә.) Күні M. О.
Басқа 5. Банк қарыз алушыларға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үшiн республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтiнiм
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 5-қосымша Банк қарыз алушыларға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үшiн республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтiнiм Күнi 2007 жылғы__________ ________________________________ _________________________________________________банкi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен 2007 жылғы_____________ _______________N___ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша ашылған N____ банк шотына__________ кезеңiне__________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды. Банктің басшысы                              _____________________
Басқа 6. Банк кредитi сыйақысының ставкасын нақты есептеу мен өтеу және 200_ ж.__ тоқсанына арналған өтiнiм туралы есеп
Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiне 6-қосымша Банк кредитi сыйақысының ставкасын нақты есептеу мен өтеу және 200_ ж.__ тоқсанына арналған өтiнiм туралы есеп P/c N Ауыл ша­ру­а­шы- лы­ғы өнi­мiн қай­та өң­дей­тiн кә­сі­пор- ын­ның ата­уы (қарыз алушы) Бар­лық көз­дел- ген суб­си- ди­я­лар, тең­ге Есеп бе­ру ке­зе­ңін­де­гі бар­лық ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге Нақ­ты есеп­тел­ген суб­си­ди­я­лар, тең­ге Ауыт- қуы (+, -) (+) ар­тық тө­лен- ге­ні, (-) ке­мі Бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де Бар­лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де 3-бағ. 5-бағ. 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Қарыз алу- шы­ға нақ­ты есеп­тел­ген* сый­а­қы, тең­ге Қарыз алушы­ның сый­а­қы­ны тө­ле­ге­ні, тең­ге 200_ж. __ тоқ­са­ны­на бан­кі­нің өті­ні­мі, тең­ге Жал­пы со­ма­сы Қарыз алушы­ның өте­ге­ні Бюд­жет­тен суб­си­ди­я­лан-ға­ны* Бар- лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең- де Бар- лы­ғы оның ішін­де есеп­ті ке­зең- де % со­ма- сы % со­ма- сы % со­ма- сы 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 Ескертпе: *- Ауылшарминi субсидияларының сомасын есептемегенде **- 7-бағ. бойынша ауытқу сомасын есептегенде       Банк басшысы                                  ____________           МО                                             қолы