Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси, трамвая) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдергі «Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарғы берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғай туралы» Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1- тармағының 3)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарадағы «Қазақстан Республикасындағы» жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының, 14)-тармақшасына сәйкес, Темиртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 36 сессиясының « 2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-30 болып тіркелген) № 36/6 шешімін орындау мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақыларды алатын келесі азаматтар санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) 1, 2, 3- топ мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға немесе он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға (егер бала жасөспірім немесе өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайда болса);
Тармақша 3
3) фашистік лагерлердің бұрынғы тұтқындарына;
Тармақша 4
4) қоршаудағы кезенде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген азаматтар мен «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршауға Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға;
Тармақша 5
5) қаза тапқан жауынгер-интернационалистер отбасыларына (арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алатындарға);
Тармақша 6
6) қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған), хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне;
Тармақша 7
7) 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС –індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;
Тармақша 8
8) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орындарын бітірген уақытқа дейін) көп балалы аналарға;
Тармақша 9
9) «Алтын алқа», «Күмыс алқа» алқаларымен немесе ертеде «Батыр-Ана» атағын алған көпбалалы аналарға;
Тармақша 10
10) 2007 жылғы 1 қантардағы жағдайда бойынша базалық зейнетақысың ескергенде айына алатын зейнетақысының мөлшері он мың екі жүз отыз алты теңгеден төмен зейнеткерлерге;
Тармақша 11
11) асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыны алатын зейнеткер жасындағы адамдарға;
Тармақша 12
12) жасының келгендігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алатын зейнеткер жасындағы адамдарға.
Тармақ 2
2. Қалалық қоғамдық көліктерде жүруге көрсетілетін әлеуметтік көмек жеңілдік жүру билеттері түрінде беріледі және қолданылмаған жүру билеттері үшін азаматтарға ақшалай өтемақы беру қарастырылмаған.
Тармақ 3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсету арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмекті алатындардың (190 үлгі) жеке шоттары арқылы «Теміртау қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ақшалы қаражаттарды аударуды және жеңілдік жүру билеттерін тарапты беруді уақытылы қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куринаяға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.