Об оказании материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны для оплаты за эксплутационные услуги и газоснабжение Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдергі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғай туралы» Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 сессиясының «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-3-30 болып тіркелген) № 36/6 шешімін орындау мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) 2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне пайдалану қызметі мен газбен қамтамасыз етуге төлеу үшін материалдық көмекті төлеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) материалдық көмекті төлеу алушылардың есеп шотына аудару арқылы жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.