Ауылдық елді мекендер тізілімі бойынша экология-демографиялық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес ауылдардың аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі аймақтық схемаларды бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық елді мекендер тізілімі бойынша экология-демографиялық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес ауылдардың аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі аймақтық схемаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексінің 17 бабын, Қазақстан Республикасы Перзидентімен 2003 жылғы 10 маусымдағы № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының 2004-2010 жылдарда дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 10 тармақшасы негізінде , Ауыл әкімдерімен, Мемлекеттік мекемелер: Аудандық жер қатынастары бөлімі, Ауыл шаруашылығы бөлімімен келісілген экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ауылдардың аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі аймақтық схемалар материалдарын талқылай келе, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандағы ауылдық елді мекендер бойынша экология-демографиялық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес ауылдардың аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі аймақтық схемалар № 1,2,3,4,5 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандағы ауылдық елді мекендер бойынша экология-демографиялық зерттеулер нәтижелеріне сәйкес ауылдардың аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлау жөніндегі аймақтық схеманы аудандық мәслихаттың кезекті отырысына енгізіліп, белгіленген тәртіппен бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Байахметовке жүктелсін.