Об организации оплачиваемых общественных работ Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін аудан кәсіпорындарының тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің қаражаттарынан ең төмен жалақы мөлшерінде қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеудің мөлшері белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен шарттарды жасасу үшін тізбеде белгіленген кәсіпорындардың басшылары қоғамдық жұмыстардың нақты түрлері мен көлемдерін анықтасын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды жұмыссыздарды уакытша жұмысқа орналастыру үшін пайдалансын.
Тармақ 5
5. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.И. Бухаленко) тізбеде белгіленген кәсіпорындарымен көрсетілетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алсын.
Тармақ 6
6. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б. Ужахова) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде осы қаулымен басшылық етсін.
Тармақ 7
7. Қарасу ауданы әкімдігінің «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 59 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-03, «Қарасу өңірі» аудандық газетінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 9, 2006 жылғы 31 наурыздағы № 10) және «Ақылы коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 59 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 30 казандағы № 251 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-20, «Қарасу өңірі» аудандық газетінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 38) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 16 қосымша