О ставках платы земельного налога, установленных Налоговым кодексом Күшін жойған
Басқа 0
Салық кодексі белгілеген жер салығының ставкалар ақысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы негізінде Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Салық кодексінің 329,330,332,334 баптарымен белгіленгеннен жер салығы 338-бабының 1-тармағына сәйкес 50 % ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «Салық кодексі белгілеген жер салығының ставкалар ақысы туралы» (2006 жылғы 16 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-13, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») № 199 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.