Об установлении охранной зоны и режима природопользования на территории Государственного национального природного парка "Кокшетау" на территории Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы 10-бабы 2-тармағы 11) тармақшасы және 18-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 123-бабынасәйкес, "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше қорғау және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар орнатылсын: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында жер пайдаланушылар мен жеке меншік жер учаскелерін алып қоюсыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ (ілгеріде - ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесі шекарасы маңайында ені екі километр қорғау аймағы; қосымшаға сәйкес ұлттық саябақтың қорғау аумағында табиғатты пайдалану режимі; қорғау аймағының шекарасы ұлттық саябақ шекарасы конфигурациясына ұқсас.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумақтарында табиғатты пайдаланудың режимі мен тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті "Көкшетау" Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (ілгеріде - ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғат ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін, жер пайдаланушылардың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекетінің негізгі түрлері рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында мыналары тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қолда бар елді мекендерді ұлғайтуға және жаңадан салуға;
Тармақша 2
2) объектілерді орналастыруға, жобалауға, құруға және пайдалануға, экологиялық жүйеге зиянды әсер ететін, жаңа технологияларды енгізуге;
Тармақша 3
3) өсімдіктер мен жануарлар әлеміне уытты улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдаланумен шаруашылық және орман шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізуге;
Тармақша 4
4) атмосфераға және ашық су көздері мен бедерге және ағын сулардың ластаушы заттарды тастауға, қалдықтарды орналастыруға;
Тармақша 5
5) пайдалы қазбаларды барлауға;
Тармақша 6
6) радиоактивті материалдар мен кәсіптік қалдықтарды көмуге;
Тармақша 7
7) ұлттық саябақтың экологиялық жүйесінің гидрологиялық тәртібін өзгерту қабілеті бар іс-әрекет (сулардың табиғи ағуын азайтатын және тоқтауына әкелетін бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылғылар және басқа объектілерді құру);
Тармақша 8
8) бөтен жабайы аңдар мен жабайы өсімдіктерді жерсіндіруге.
Тармақ 3
3. Ұлттық саябақтың қорғау аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
Тармақша 1
1) орман шаруашылық әрекеті;
Тармақша 2
2) дәстүрлі жер пайдаланушылық, мал бағу мен пішен оруды қоса алғанда, сонымен қатар ұзақ мерзімді сақтау мен биологиялық әртүрлілікті зақымдамауды қамтамасыз ету шегіндегі басқа да іс-әрекеті;
Тармақша 3
3) туристік және үзілістік іс-әрекет;
Тармақша 4
4) арасан суларды, бальнеологиялық және климаттың ресурстарын пайдалану;
Тармақша 5
5) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
Тармақша 6
6) кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды;
Тармақша 7
7) орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі авиациялық және жер бетіндегі жұмыстарды өткізуді;
Тармақша 8
8) бұзылған жерлерді қалпына келтіруді;
Тармақша 9
9) орман және басқа да өсімдік бірлестіктерін қалпына келтіруді;
Тармақша 10
10) жабайы аңдар мекендейтін жерлері мен санын қалпына келтіруді;
Тармақша 11
11) туристтердің келіп-кету орнын орналастыру үшін жер учаскелерін пайдалану, жануарлар мен өсімдіктердің эндемиялық, сирек және жоғалып бара жатқан түрлерін жасанды көбейту, өсіру, отырғызу үшін көшеттер құру, сонымен қатар ұлттық саябақ жұмысшылары тұруына қызметтік үйлер салу (кордондар), оларға қызметтік жер үлесін беруді.
Тармақ 4
4. Осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген ұлттық саябақтың қорғау аймағында іс әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында өсімдіктер мен жануарлар әлемі объектілерінің көбею жағдайлары мен мекендейтін жерлерін сақтап қалу жөнінде шаралар қаралып, жүзеге асырылуы керек, аңдардың көші-қон жолдары мен топтастырылатын жерлері, жабайы аңдардың мекендейтін жерлері, сонымен қатар ұлттық саябақтың басқа да объектілері ерекше құндылық ретінде көрінетін учаскелердің жұмсалмауын қамтамасыз етуді.