О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: Мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: (1-тармақ) . 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.06.28. N 819 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 974 P950974_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 281-бап) қосымшасындағы: "Iшетiн этил спиртi" және "Тағамдық шикiзаттан өндiрiлген тазартылған этил спиртi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан, шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдерi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)" деген жолдар мынадай редакцияда берiлсiн: "Спирттiң барлық түрлерi (өңдеу үшiн босатылған ликер-арақ бұйымдарынан, күшейтiлген сусындардан, күшейтiлген шырындардан, шараптардан, Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шығаратын бальзамнан басқа (олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиялары бар болған жағдайда)"; "Шараптар" деген жолдан кейiн мынадай жолмен толықтырылсын "Маркалы шараптар 0,15 экю/литр"; "Коньяктар" жолы бойынша "0,4" саны "0,3" санымен алмастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.