Қолданыстағы ред. 19.01.2007

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы от 19.01.2007 г. № 10 (Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы)

0

Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14- тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жұмыс icтеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге (әрі қарай бір жолғы әлеуметтік көмек) бір жолғы әлеуметтік көмекті азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде болуы қамтамасыз етілсін

2

2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тиісті жағдайдың туындаған күнінен бастап 3 ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға өтініш берген жағдайда, отбасының табысына қарамастан көрсетілуі белгіленсін. Қайтыс болған адамның өлген күнге кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрғаны, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерге ресми түрде тіркеуде тұрғаны ескерілсін.

3

3. «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметпк бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ш. Қаймолдина) бір жолғы әлеуметтік көмекті отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, әлеуметтік көмекті төлеу орталығында ашылған шотының нөмірін (екінші деңгейдегі банк филиалы немесе осы көрсетілген операцияларды жүзеге асыра алатын лицензиясы бар басқа ұйымдар) және келесі құжаттар ұсынылған жағдайда тағайындалуы мен төленуі қамтамасыз етілсін:
өтініш берушінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін тұрып қайту рұқсаты немесе оралман куәлігі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
сақтандыру қассасына ұсынылатын азаматтық хал aктісін жазу органдары беретін өлім туралы анықтама (тұпнұсқасы);
еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, келісім-шарт);
ресми түрде жұмыссыз статусын растайтын анықтама.

4

4. «Қаратал аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) жұмыс icтеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге 6ip жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін қаражаттың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.

5

5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдын 26 қаңтарында 2-12-23 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 3 ақпанындағы № 5 «Қаратал» газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 12 қаңтарындағы № 3 «Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бip жолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы» қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Естібаеваға жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.