Қолданыстағы ред. 15.02.2007 - 01.01.2007

Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы от 15.02.2007 г. № 42 (Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы)

0

Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына сәйкес және нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатына аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.М.Жұманбаев) тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

2

2. Қала кент және селолық округ әкімдері «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру тапсырылсын.

3

3. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен келісім шарт жасап, шартта міндеттер, жұмыс түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарын қабылданатындарға Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде төленуі қамтамасыз етілсін.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын орналасқан адамдарға бюджеттен төленетін еңбекақысын «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» атты бағдарламасы бойынша қаржыландырысын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.

6

6. Осы қаулы қолдансқа 2007 жылдын 1 ақпаннан бастап енеді.
«Келісілді»
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
_____________Б. Жұманбаев
15 ақпан 2007 ж.