Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149-II Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізу үшін мекемелердің тізбесі және жұмыстардың түрлері бекітілсін (1, 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Селолық округтер мен поселке әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша) жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп қоғамдық жұмыстар бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен поселке әкімдері жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы арқылы қоғамдық жұмысқа ең алдымен нысаналы топтарға кіретін адамдарды тартсын.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімінің меңгерушісі (Тоғжігітова Б.К) қоғамдық жұмыстарға көзделген қаржы мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстар үшін төленетін ақы Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды жұмысқа тарту толық емес жұмыс күні немесе жылжымалы кесте бойынша қажетіне қарай жүргізілсін.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 қантардағы (01.02.2006 ж. МТН № 12-5-19) «Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 08/2 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 8
8. Қаулы баспасөз бетіне жарияланғаннан соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшінде енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ф Рахимоваға жүктелсін.
Басқа 10. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «29» қаңтардағы «Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 09/1 қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі қ/с 1. Майқайын поселскесі әкімінің аппараты 2. Баянауыл селолық округінің әкімінің аппараты 3. Ақсан селолық округінің әкімінің аппараты 4. Бірлік 5. Торайғыр 6. Қызылтау 7. Қаратомар 8. Күркелі 9. Құндыкөл 10. Сәтпаев 11. Жаңажол 12. Жаңатілек 13. Ұзұнбұлақ 14. Лекер 15. Шөптікөл 16. Баянауыл аудының әділет басқармасы 17. Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық 18. «Баянтау» газеті редакциясы 19. «Баянауыл-Бурайы» газеті редакциясы 20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 21. Баянауыл аудандық мемлекеттік мұрағат бөлімі 22. Қорғаныс істері бөлімі
Басқа 11
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «29» қаңтардағы «Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» № 09/1 қаулысына 2-қосымша Р/с Қоғамдық жұмыс түрлері Қатысушылар саны 1. Аудан көлемінде көғаландыру, көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу 30 2. Жолдарды салу, жөндеу, су құбырларын, канализациялық және басқа да коммуникацияларды жөндеу 11 3. Тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени маңыздағы объектілер салуға, қайта салуға және ағымдағы жөндеу өткізуге қатысу 10 4. Қоғамдық құқықтық тәртіп пен коммуналдық объектілерін кузетуге қатысу 5 5. Мәдени маңыздағы ауқымды шаралды (спорт жарыстарды, фестивальдар) ұйымдастыруға көмек. 10 6. Өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық, санағы, қоғамдық пікір саулнамасы) қатысу. Қарулы күштерінің қатарына шақыру мен тіркелім кезінде көмек 11 7. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге көмек. Жастармен жұмыс жүргізу Бірінші топтағы мүгедектерге көмек 11 8. Мұрағат құжаттармен жұмыс, баспа өнімдерін таратуға көмек, курьерлік жұмыс 6