Молодежный кентінің бас жоспарын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Молодежный кентінің бас жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-1 бабына сәйкес және Ұлан ауданының әкімшілік орталығы Молодежный кентін кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Молодежный кентінің бас жоспары бекітілсін.
Басқа 2. Молодежный кентінің бас жоспары
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Ұлан аудандық мәслихатының
2007 жылғы 8 ақпандағы
№ 209 шешімімен бекітілген
Молодежный кентінің бас жоспары
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Тапсырысшы: «Ұлан ауданының сәулет және қала кұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Бас жобалаушы: «Өскемен сәулетқоры» қосымша жауапкершілігі бар шығармашылық өндірістік бірлестігінің серіктестігі, Өскемен қаласы.
Бас жоспар кентті аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын тнықтайды және оның сәулеттік-жоспарлау құрылымын, функционалдық-қала құрылыстық аумақтарды аймақтарға бөлуді, қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру бойынша принципшіл шешімдерді және жалпы аудандық маңызы бар обьектілерді ұйымдастыруды, инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуды, аумақтарды инженерлік қорғауды, экологиялық ортаны жақсарту бойынша қала құрылыстық іс- шараларды қалыптастырады.
Жобалау материалдарының құрамы мен мазмұны «Қазақстан Республикасындағы қала кұрылысы жобаларын келісу және бекіту, әзірлеу тәртібі, құрамы туралы Нұсқаулыққа» сәйкес орындалған (ҚРҚНжЕ 3.01-07-2001).
Жобалау шешімдері ҚРҚНжЕ 3.01-07-2002 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және құрылысын жұргізу» нормативтеріне сәйкес келеді.
Кенттің Бас жоспары жобасында келесідей жобалау кезеңдері қабылданды:
Негізігі жыл – 01.01.2006 жыл
Есеп айырысу мерзімі – 2020 жыл
Аумақтың сәулеттік-жоспарлау жобасын ұйымдастыру
Молодежный кентінің бас жоспарында көзделеді:
Тармақша 1
1) есеп беру мерзіміне 8,0 мың адамға дейінгі кент тұрғындары санының өсімі;
Тармақша 2
2) тұрғын үй қорымен адам басына 25 м2 орташа қамтуды жеткізумен тұрғындардың тұрғын жағдайын жақсарту;
Тармақша 3
3) күрделі және жоспарлы-ескертулі жөндеудің барлық түрін жүргізу, соның
ішінде көне тұрғын қорын, оның техникалық жағдайын, моральдық тозу сатысын қалпына қелтіру;
Тармақша 4
4) барлық қызмет көрсету түрлерін камту деңгейін нормативтерге дейін - өткізумен кенттің мәдени-тұрмыстық жүйесін дамыту;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік кәсіпорыннан барынша қашықтаумен экологиялық жай-күйі бойынша неғұрлым қабылдануға болатын аумақтарда жаңа тұрғын үй құрылысын
жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) кенттің табиғи ландшафты аймақтарының ішіне шектеулі енгізумен перспективті жоспарлау құрылымын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) қанаттас салынған көпқабатты және үй-жайлық құрылыстары кіретін аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) емдеу-сауықтыру және реакреациялық мекемелер жүйесін кеңейту және оларды неғұрлым қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар аумақтарда орналастыру;
Тармақша 9. Кент қүрылысы дамуының экономикалық алғы шарттары
9) экологиялық ортаны жақсартуға жағдай жасайтын көгалдандыру жүйесін үйымдастыру.
Сонымен қатар, кенттің орталық бөлігінде:
тұргын үймен қамту нормасын көтеру арқылы тұргындарды қысқарту және нығыздау, көгалдандырылган аумақтар алаңын көбейту, бұрыннан бар арзан тұрғын қорын басқа кенттік функциялар бойынша қайта өңдеу;
санитарлық-қорганыш көгалдандыруды ұйымдастыру;
табигғатты қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу және қоршаған ортаны сауықтыру, өндіріс кәсіпорындарының шектеу қойылған ауа шығарылымдарын, жаңа технологияларды қолданумен кәсіпорындарды жаңғырту жолымен Молодежный кенті және шектес жатқан елді мекендердің ауа бассейнінің қабылдауға болатын жағдайын мүмкіндігі бар нормативтік деңгейге дейін төмендету қажет.
Перспективті жоспарлау құрылымы қолданыстагы бас жоспардың кеңістіктегі және уақыт шегіндегі қаланың белгілі даму кезеңін қарастыра келе негізгі ұсыныстарын сақтайды. Жаңа Бас жоспар құрамында 2030 жылға дейінгі перспективаға кент құрылысын дамытудың Концепциясы әзірленген.
Бас жоспармен аумақтарды өндірістік және қоныстану аймақтарын ерекшелеумен функционалдық аймақтарга бөлуі нақтылы көзделеді.
Бос аумақтардың арқасында аумақты сәулеттік - жоспарлауды ұйымдастыру жағынан, аудан орталығы кенттің өзінің шекарасында салынды. Бас жоспармен перспективті кент шекарасының шегінде бас көше, кенттік жол және тұрғын кұрылыстардагы көшелер (негізгі, қосымша) құруы болжанады. Қоныстану құрылысын айналатын кенттің сыртқы бөлігі бойынша өтетін сыртқы бас көше транзиттік жүк автокөліктердің қозғалысы үшін тағайындалган. Кенттік жолдар жаңа тұргын ауданды және қазіргі бар аудан бөлігімен, «Өскемен-Алматы» Республикалық маңызы бар автокөлік жағына шыға берісте өзара жолдарын косады. Тұрғын құрылыстардагы (негізгі және қосымша) көшелер көлік қозгалысын кеңілдету үшін кенттің жеке тұргын үй құрылыстарын айнала қалыптасады. Кенттің орталығы келешекте өз маңызын сақтап қалады.
Қоныстану аумағында 1 жоспарлау аумағы кенттің оң бөлігінде кіретін болады. Жоспарлау ауданы өз кезегінде жеке тұргын құрылыс шахарларынан құралады. Келешекте кентте тұрғын ауданы пайда болады.
Тұрғын нормасын қамту, жалпы пайдалану және санитарлық-қорганыш мақсаттағы аумақтар алаңын көгалдандыруды көбейту арқылы кенттің қазіргі бөлігінде тұрғындарды ныгыздау көзделуде.
Кенттің солтүстік бөлігінде дене-шынықтыру-сауықтыру ғимараттары мен денсаулық сақтау объектілерін (аудандық аурухана, аудандық поликлиника, жедел көмек стансасы, сүт- ас бөлмесі, сүт ас бөлмесінің үлестіру пункті және СЭС)
орналастыру қарастырылған. Дене-шынықтыру-сауықтыру ғимараттарына жалпы қолданыстағы аудандық стадион және спорттық алаңдар кіреді.
Кент қүрылысы дамуының экономикалық алғы шарттары
Келешекте Молодежный кенті, кәсіпкерліктің өңіраралық және халықаралық іскерлік қатынастағы жоғары дамыған өңіраралық ауыл шаруашылығы көрмелерін жүргізу үшін көрмелік кешендері орталығымен ірі өндірістік экспортқа бағытталған инновациялық орталығы болып қаралады.
Индустриялық-инновациялық аудан саясатының бас мазмұны бәсекеге кабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді өндіру болып табылады.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жаңа технологияларды игеру күшімен экономиканың барлық саласын кешенді дамытуды, халықаралық сапа стандартына көшуді және жаңа сауда нарығына шығуды болжайды.
Ұлан ауданын стратегиялық мақсатта дамытуда, сонымен қатар Молодежный кентін де, барлық әлеуметтік проблемалар конкуренттік экономикалық бесекелестік кен тұрақтылықты қалыптастыру болады және инженерлік транспорттық инфрақұрылымға байланысты шешіледі.
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ негізінде, ет өндіру кластері кеңейтілген өндіріс, дайындау және экспортқа бағытталған табиғи ет өнімдерін қайта өңдеуге болжанған базасында қалыптаса алады.
Тұрғындар және еңбек нарығы
2006 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысы Санақ басқармасының мәліметтері бойынша Молодежный кентінің саны 3,861 мың адам құрады.
Еңбек нарығының болжанған индикаторларына сәйкес тұрғындардың перспективті саны барлық әлеуметтік-экономикалық қызмет саласындағы экономикалық белсенді тұрғындарды оңтайлы пайдалану есебінен халық саны белгіленді, әлеуметтік-экономикалық қызмет саласында жұмыс істейтіндер құрады:
бірінші кезекке - 4,884 мың адам;
есеп беру мерзіміне - 8,0 мың адам.
Тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету кластерін дамыту
Молодежный кентінің тұрғын үй қоры 2006 жылдың 1 қаңтарында 67,75 мың шаршы метрді құрады, бір адамға орташа шаққанда жалпы көлемі 17,55 шаршы метрді құрайды.
Тұрғын үй қорынан 80,6%-көппәтерлі 5-қабатты тұрғын үйлерден тұрады. Үй-жайлық үлгідегі үйлер тұрғын үй қорының үлес салмағының 18,3 % құрайды. Қазіргі уақытта кентте 1245 аула және пәтер саналады, жанұялық коэффициенті 3,1 құрайды.
Тұрғын үй құрылысының мұқтаждығы есеп беру мерзіміне адам басына жалпы көлемі 25 шаршы метрден келетін қамтудың орташа нормасынан шығуы белгіленді. Мұнда тұрғын үймен қамту есебі тұрғындар арасында кіріс деңгейі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген өзара дифференцияланған.
2006-2020 жылдарғы кезеңге жаңа тұрғын үй құрылысы көлемінің жалпы ауданы 180,0 мың шаршы метрді құрайды. Соның ішінде бірінші кезектегі құрылыс кезеңінде (2006-2010 жылдары) жалпы ауданы 106,95 мың шаршы метр, соның ішінде үй-жайлық құрылысқа жалпы ауданы 38,37 мың шаршы метр және көпқабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 68,58 мың шаршы метрді құрайды.
Сумен қамту
Молодежный кентін сумен қамтудың негізігі көзі «Өскемен кұс фабрикасы» АҚ-ның жер асты сулары болып табылады. Жер асты сулары Ахмирово ауылының маңайында орналасқан және напоры 60,0 м сағатына 120,0 мЗ ЭЦВ-10-120-60 насос агрегатымен жабдықталған жеті су құдығынан тұрады.
Су тұтынудың берілгені 4.01-02-2001 ҚРҚНжЕ - шешіміне сәйкес қабылданды және сөткесіне адамға 300 л құрайды.
Су құбыры желісі тұйық түрде-5 жерден кенттің істеп тұрған су желісіне косуы жобалаған. Өрт сөндіру бойынша бір өртке секундына 20 л су шығыны құрайды (15 л/сек-сыртқы және 2 ағынға х2,5 л/сек). Өрттің есептік саны - 1. Өрттік қоры таза су резервуарларында сақталады.
Молодежный кентінің оңтүстік - батыс жағалауындағы жобаланған бөлігінде қажетті сумен қамтамасыз ету үшін көлемі 1000,0 мЗ таза су резервуарын орнату және қысымдық сорғы станциясы құрылысы керек.
Кент бойынша суды тұтыну тәулігіне 3,888 мың мЗ құрайды.
Санитарлық тазалау
Молодежный кентінде аумақтарды тазалау ұйымдастырылмаған, халық пен кәсіпорындардың күштерімен өткізіледі.
Жоба бойынша қалдықтарды жетілдіру құрылысын шығарудың жоспарлы реттеулі жүйесі белгіленген.
Жоба бойынша тұрмыстық - қатты қалдықтарды жинау контейнерлік әдіспен, сондай ақ жинау әдісі - ыдыссыз және бактық түрде.
Бір адамға тұрмыстық - қатты қалдықтар нормасы жылына 190 кг құрайды. Молодежный кентінің тұрғындарының саны 8000 адам болғанда, тұрмыстық - қатты қалдықтар көлемі жылына 1520 тоннаны құрайды.
Жылумен қамту
Кенттің суммарлық жылу жүктелімі Бас жоспардың есебімен 39,2 Гкал /сағ.
анықталды.
Орталықтандырылған жылумен қамтудың негізгі көзі ретінде кенттің жылу жүктелімін жабу балансына сай «Өскемен кұс фабрикасы» болып саналады.
Жоба бойынша жобаланған тұрғын мен қоғамдык ғимараттар бұрыннан бар қазандықтан орталық жылытумен қарастырылған. Жобаланған ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету үшін бұрыннан бар жылу жүйесін үлкен диаметрге айырбастауыы, бөлшектеп ауыстыруы қарастырылған.
Электрмен жабдықтау
Қазіргі уақытта Молодежный кентін элекр жабдықтаудың негізгі көзі Шығысэнерготрейд» ЖШС болып саналады.
Осы жоба бойынша Молодежный кентінің аз қабатты құрылыстары бас, жоспар және ғимараттар экспликациясы бойынша электрмен жабдықтау шешіледі.
Молодежный кенті бас жоспарының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері