О дополнительном перечне лиц относящихся к целевым группам и мерах по содействию занятости по Сандыктаускому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін іс-шаралар және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, нысаналы топтарға кіретін және әлеуметтік қорғау қажет ететін тұлғаларды жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, нысаналы топтарға жататын тұлғалар тізбесін басшылыққа алсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топтарға жататын келесі тұлғалар санатының тізбесін толықтырсын: ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам), 24 жасқа дейінгі жастар, жастары 50-ге келген және одан асқан адамдар.
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтардағы санынан жұмыссыздарды орналастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін анықтасын. (олардың басшыларының келісімімен).
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша шараларды қарастырсын.
Тармақ 5
5. Сандықтау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № А-1/25 «Сандықтау ауданы бойынша 2006 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін іс-шаралар және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі туралы» (Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2006 жылдың 27 ақпанында № 1-16-30 тіркелген, 2006 жылдың 6 наурызында № 17 (7477) «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) Қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.