Об определении перечня объектов и видов общественных работ для лиц, осужденных к мере наказания в виде привлечения к общественным работам Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстардың объектілері және оның түрлерінің тізбесін анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 208 Қылмыстық - атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағы, 43 бабының негізінде Карабалық кентінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Қарабалық аудандық қылмыстық-атқарушы инспекциясының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғаларды еңбектік және тұрмыстық орналастыруда көмек көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Қарабалық кенті әкімінің 29 сәуір 2005 жылғы № 8 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесін анықтау туралы» мемлекеттік тіркеуі 18 мамыр 2005 жылғы №3472, күші жойылсын деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қарабалық кентінің әкімі С.В. Левицкийге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап оң күнтізбе күні өтуі бойынша қолданысқа енеді.
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі
Қарабалық кенті әкімінің 2007 жылгы 19 ақпандағы № 3 шешіміне қосымша Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі № Жұмыстардың түрлері 1 Қарабалық кенті елді мекенін көркейту және экологиялық сауықтыру 1. Шіркеуді жөндеуге көмек көрсету 2. Ленин көшесін қалпына келтіру, қайта құрып жөндеу 3. Бекітілмеген жерлерді тазалау 4. Кент көшелеріндегі, алаңдарындағы ағаш бұтақтарын кесу, бағандарды ақтау, жол жиектеріндегі бардюрлерді ақтау, сырлау 5. Зираттарды қоршау, қоқыстан тазарту 6. Кенттегі көпшілік суға түсетін орындарды бақылауға алу, санитарлық жағдайларын тексеру