Об определении перечня объектов и видов общественных работ для лиц, осужденных к мере наказания в виде привлечения к общественным работам Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсаңдағы № 208 Қылмыстық - атқару кодексінің 30 бабының 1 тармағы, 43 бабының негізінде ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Қарабалық аудандық қылмыстық-атқарушы инспекциясының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғаларды еңбектік және тұрмыстық орналастыруда көмек көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау селолық округінің әкімі М.Б. Таныловқа жұктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбе күні өтуі бойынша қолданысқа енеді.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі
Белоглин ауылдық округі әкімінің
2007 жылғы 16 ақпандағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға кесілген тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстың объектілерін және түрлерінің тізбесі
№
Жұмыстардың түрлері
1
Белоглин селолық округі елді мекендерін көркейту және экологиялық сауықтыру
1. Белоглин, Научный, Святослав, селолары (бос тұрған үйлерді бұзүынан сақтау)
2. Белоглин селосында паркі (санитарлық тазарту, көгал алаң шөптерің жас бұталар мен ағаштарды отырғызу, жерді жұмсарту, клумбаларды
бөлу, клумбаларды күту)
3. Белоглин селолық клубы (жарым-жартылай сылақтау, әктеу, жуу, сырлау)
4. Белоглин селолық кітапханасы (жарым-жартылай сылақтау, әктеу, жуу, сырлау, терезелерді жылыту)
5. Святослав селолық клубы (ескі сылақтарды алып тастау, жарым-жартылай сылақтау, әктеу, жуу, сырлау)
6. Святослав селолық кітапханасы (сылақтау, әктеу, жуу, сырлау, терезелерді жылыту)
7. Святослав фельдшерлік-акушерлік пункті (жарым-жартылай | сылақтау, әктеу, жуу, сырлау, терезелерді жылыту)