Вопросы Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.18. N 816 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құрылымы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
📌 Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 509-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі мен Тергеу департаментiнiң штат санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 373 қаулысы .
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 маусымдағы
N 771 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Құрылымы
Басшылық
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу басқармасы
Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы
Қаржылық және техникалық бақылау бөлімі
Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлімі
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 маусымдағы
N 771 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі
"Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны
"Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны <*>
📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.30. N 906 қаулысымен .