«О размерах ставок фиксированного суммарного налога и акциза на объекты игорного бизнеса» Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілеріне акциздер мен тіркелген жиынтык салық ставкаларының мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 14 тармақшасының, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 258, 394 бабтарының, «Жиынтық салық ставкалық базаларының орта және жоғары мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 1016 Қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 14 ақпандағы ЖТҚӨБ -7/1170 құрылған ұсыныстары мен есептесулері негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларының және акциздің жылдық мөлшері бекітілсін:
Тармақша 1
1) бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын атоматы:
тіркелген жиынтық салығы - 90 айлық есептесу көрсеткіші (бұдан әрі-АЕК);
акциз - 48 АЕК;
Тармақша 2
2) бір ойыншыдан аса қатысушылармен ойындар жүргізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетті шығарғаны):
тіркелген жиынтық салығы - 100 АЕК;
акциз - 50 АЕК;
Тармақша 3
3) букмекерлік конторлардың кассасы:
жиынтық салығы - 100 АЕК;
акциз - 78 АЕК;
Тармақша 4
4) казино (бір ойын стөліне)
тіркелген жиынтық салығы - 2200 АЕК;
акциз - 300 АЕК;
Тармақша 5
5) электронды рулетка тіркелген жиынтық салығы - 120 АЕК;
Тармақша 6
6) ойындарды жүргізуге қолданылатын дербес компьютерлер тіркелген жиынтық салығы - 10 АЕК;
Тармақша 7
7) бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған ақшалай ұтыссы жоқ ойын
автоматы:
тіркелген жиынтық салығы - 20 АЕК;
Тармақша 8
8) бір ойыншыдан аса қатысушылармен ойындар жүргізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы:
тіркелген жиынтық салығы - 25 АЕК;
Тармақша 9
9) боулинг (бір ойын жолына) тіркелген жиынтық салығы - 130 АЕК
Тармақша 10
10) бильярд (бір бильярд стөліне)
тіркелген жиынтық салығы - 33 АЕК;
Тармақ 2
2. Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVI сессия) 2006 жылғы 26 мамырдағы «Ойын автоматтарына, бильярд стөлі мен боулинг акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде 2006 жылғы 14 маусымда 12-3-64 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 25 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 25 нөмірінде жарияланған) № 361/26 шешімі және Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVII сессия) 2006 жылғы 13 шілдедегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVI сессия) 2006 жылғы 26 мамырдағы «Ойын автоматтарына, бильярд стөлі мен боулинг акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" № 361/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативттік құқықтық актілерінің тіркеу Реестрінде 2006 жылдың 14 шілдеде 12-3-69 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 29 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2006 жылғы 20 шілдедегі № 29 нөмірінде жарияланған) № 372/27 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Аталмыш шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күні өткенде қолданысқа енеді.