Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 209 "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу № 9-9-25, 2005 жылғы 20 желтоқсанында тіркелген аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2006 жылғы 27 қаңтарында № 3 (7801) санында жарияланған) қаулының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 248 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулық
Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық арқылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайданалатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыс пен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіріп отыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, аудан әкімі басқаратын әкімдік;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 3
3. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уакытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында, аудандық жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін, қо-ғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды аудандық жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен анықталған мекемелерге коғамдық жұмыстарға жіберу "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
3. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы шығыны Жангелдин ауданының әкімдігінің қаулысымен анықталған мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жүргізілетін әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған шығындары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиісті еңбек ақы мен басқа да ақшалай төлемдерді талап ететін салымдар бойынша шоттарға немесе банктің дебеттік төлемдік кәртішкелері шоттарына аудару мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банк қызметтеріне төнелетін коммисиялық сыйақыға арналған шығыны шартта белгіленген мөлшерде, мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджет есебінен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмысссыздардың жеке есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен төленетін еңбек ақы заңнамада белгіленген тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығыннын мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен қайтару үшін "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.