Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының жұмысаыз азаматтарына арналған ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаев) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберсін және жұмыс берушілердің төлемақы төлеуге дайындаған құжаттарды дер кезінде тапсырылуын бақылауға алсын.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Дулат Мұратұлы Сансызбаев) қоғамдық жұмыстардың төлемақысына ақшалай қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.