Қолданыстағы ред. 15.02.2007

Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылатын сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы от 15.02.2007 г. № 34 (Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылатын сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы)

0

Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылатын сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы
Казақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінің 30 бабының 1 бөлімінің негізінде Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілердің тізімі бекітілсін.

2

2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
Келісілді:
Шығыс Қазакстан облысының
қылмыстық атқару жүйесінің
басқармасының Жарма аудандық
қылмыстық атқару инспекциясының
аға нұсқаушы маманы,
әділет майоры
Қ.Мусанов

3

Жарма ауданы әкімідігінің
«15» ақпандағы2007 жылғы
№ 34 қаулысына қосымша
Жарма ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығының міндетін атқарушы
К. Баубекова