Об утверждении Правил оказания жилищной помощи Қолданыста
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2002 жылғы 25 желтоқсандағы «Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерді төлеуге тұрмыстық жәрдемақыларды беру тәртібі Ережесін бекіту туралы» № 98 шешімінің күші жойылды деп есептелсін, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1944 2002 жылғы 29 желтоқсан).
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Мәслихаттың
2007 жылғы 20 ақпандағы
№ 315 шешіміне
қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын жайды ұстауға коммуналдық кызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар табысы аз санатынан, Федоров ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шығындар шегіндегі үлесі отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі 20 пайыздан асатын пәтер иелері немесе пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар).
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе тұрғын үй-жайын жалға тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде әлеуметтік қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Ескерту ретінде мынаны құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедектерге (негіздеме - медициналық қорытындысы) күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, III топтағы мүгедек бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі балалары бар аналар, және жаңа туған қызды немесе ұлды асырап алған, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде ұзақ уақыт болған тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқын мәртебесі бар тұлғалар; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасындағы үнемі тұратын тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жасқа дейінгі балалары бар және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін әлеуметтік қамсыздандыру органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке көлем мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - пайдалы алаңы шегінде.
Жәрдемақы тағайындау объектісі мөлшер көлем шегіндегі тұрғын үй жайын отбасы пайдаланатын және ауданның коммуналдық кәсіпорындарымен ұсынылатын нақты коммуналдық шығындары табылады:
жылу;
ыстық су, бір адам басына норма бойынша;
суық су бір адам басына норма бойынша;
электр қуаты бір адам басына кемінде 50 киловатт;
газды пайдалану кезінде бір адам басына газ және кемінде 6,7 кг бір адам басына газ балонын пайдалану кезінде;
Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну ақы төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. 9700 теңгеден аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында үй-жайды ұстауға және коммуналдық кызметтерді тұтынуға жіберілетін шығындар шегіндегі мөлшер 22 пайыз көлемінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Құрметті азаматтарына осы Ереженің 5-тармақта көрсетілген, көлем мөлшерін ескере отырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сомасы толығымен орнын толтырады.
Тармақ 8
8. Өкілетті органдардың шешімі бойынша, отбасының біреуі баланын қорғаншысы болып табылатын, отбасыларына ата-анасын ың табысын есептемей жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру орғанына азаматтардың өтініш беру тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру орғанына азаматтардың өтініш беру тәртібі
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер әлеуметтік қамсыздандыру органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс:
тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (осы Ережеге қосымша);
жұмыс істеуші азамат - өткен тоқсанғы жалақысы туралы анықтаманы;
неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі;
жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы, жылына бір рет;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғындарды есебінің кітабы, жеке куәлігінің көшірмесі;
зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 10
10. Тұлғаларға, тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін, әлеуметтік қамсыздандыру орғанына мыналар ұсынылады:
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек көрсетілген сомалар;
«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық филиалымен - бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер;
«Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына және мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету туралы мәліметтер;
ауданының коммуналдық қызметтері - төленген коммуналдық төлемдер, эксплуатациялық шығындар туралы мәліметтер - ай сайын.
Тармақ 11
11. Азаматтар тұрғын - үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішпен әлеуметтік қамсыздандыру органдарына тоқсан сайын өтініш жолдайды.
Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде қайта тіркелмеген тұлғалар, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы кұрамындағы өзгерту туралы 10 күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғың үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
5. Тұрғың үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
Тармақ 14
14. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады, басқа жерден көшіп келген он сегіз жастан асқан тұлғаларға бұрынғы орнынан тұрғын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 7, 8-тармақтарында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын есептелгенде отбасының (азаматтардың) шаруашылық және саяжай учаскесінің табыстары алынбайды.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылының ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады.
Артық төленген сомалар ерікті жолымен қайтарылады, бас тарту жағдайында - сот тәртібімен.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 18
18. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесін құрады.
Тармақ 19
19. «Федоров ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төленген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесінде көрсетілген сомада «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландырады.
Тармақ 20
20. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны шотына аударылады.
Тармақ 21
21. Коммуналдық және пайдаланушы кызмет көрсетулердің жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады.