О бухгалтерском учете и финансовой отчетности Қолданыста Заң ·№ 234 ·28.02.2007
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

16-бап. Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары және Әдеп кодексі

О бухгалтерском учете и финансовой отчетности · № 234

1. Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
2. Халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартты Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қорының жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде жариялауы мүмкін. Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Әдеп кодексін Қазақстан Республикасында оны ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және қажет болған кезде орыс тілінде жариялауы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-32165/st-16/