О бухгалтерском учете и финансовой отчетности Қолданыста Заң ·№ 234 ·28.02.2007
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

22-бап. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары

О бухгалтерском учете и финансовой отчетности · № 234

1. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге асырады.
2. Сертификаттау жөнiндегi ұйым кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзiрлеудi, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастырады.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
1) оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;
3) бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы;
4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.
4. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Емтихан тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген. Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын шетел институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-32165/st-22/