О бухгалтерском учете и финансовой отчетности Қолданыста Заң ·№ 234 ·28.02.2007
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

8-бап. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

О бухгалтерском учете и финансовой отчетности · № 234

1. Басшылық немесе дара кәсiпкер:
1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;
2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.
2. Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:
1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды;
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi;
3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;
4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді және қаржылық есептілігін жасауды бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Жария мүдделi ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күшi қолданылмайды. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау шарт негізінде берілген кезде осы Заңның 16-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-32165/st-8/