О внесении изменений в Закон Республики Казахстан "О международных договорах Республики Казахстан" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 10, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 17-баптың 1) тармақшасындағы "халықаралық шарттарға қосылу және оларды ратификациялау туралы" деген сөздер "ратификациялау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 20-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.