Мақат ауданында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың есебін жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мақат ауданында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың есебін жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Поселке әкімдеріне, меншік нысанасына және ведомостволық бағынысқа қарамайтын мекемелер, кәсіпорындар басшыларына:
Тармақша 1
1) әскери міндеттілердің есебін және брондау жұмысын, шаруашылық субъектілеріндегі техникалар есебін және шақырушылардың есебін жүргізу;
Тармақша 2
2) әскери міндеттілер мен шақырылушылар арасында әскери есеп жөнінде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау жөнінде түсінік жұмыстарын жүйелі және осы Заңның орындалысына қатаң бақылау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) әскери міндеттілерді брондау жұмысын уақтылы жүргізуін қадағалау және жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) әскери міндеттілердің есепке отырып, есептен шығу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 5
5) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің талабы бойынша әскери міндеттілер мен шақырушылардың уақытында келуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Көшенов)-(келісім бойынша) алдын-ала тексеру және түсінік жұмыстары жүргізіліп отырған әскери міндеттілер мен шақырушылар жөнінде мәлметті әр айдың 25 дейін уақытында тапсырылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық Әділет басқармасы (А.Аққалжанов)-(келісім бойынша) есеп мәлметтерінде өзгеріс болған (тегін, атын өзгерткен, отбасы құрамында өзгеріс болған немесе қайтыс болған) әскери міндеттілер мен шақырушылар жөнінде мәлметті әр айдың 25 дейін уақытында тапсырылуына бақылау жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық зейнетақы төлеу орталығы (К.Атшыбаева)-(келісім бойынша) мүгедек болып танылған әскери міндеттілер мен шақырылушылар жөнінде мәлметті әр айдың 25 дейін уақытында тапсырылуын бақылау жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық статистика бөлімі (Г.Есенғалиева)-(келісім бойынша) әскери есепке қатысты мәліметтерді әр айдың 25 дейін уақытында тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Кенжеғұлов)-(келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттілердің есебін және брондау жұмысын, шақырылушылар мен шаруашылық субъектілеріндегі техникалардың есебінің жүргізілуне бақылау жасау;
Тармақша 2
2) поселкелерде, мекемелер мен кәсіпорындарда әскери есеп және брондау жүргізуін тексеру қосымшаға сәйкес жүргізу қортындысымен аудан әкіміне хабарлама түсіріп отыру, жарты жыл 1 (бір) рет поселкелердегі мекемелерге, кәсіпорындар мен бөлімдерге әскери есепке жауапты қызметкерлермен әдістемелік сабақтар өткізіп отыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Н.Көшенов
13.02.2007
Аудандық Әділет басқармасының
бастығы А.Аққалжанов
13.02.2007
Аудандық зейнетақы төлеу орталығының
бастығы Қ.Атшыбаева
13.02.2007
Аудандық статистика бөлімінің
бастығы Г.Есенғалиева
13.02.2007
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы А.Кенжеғұлов
13.02.2007
Басқа 15
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«12» ақпан №04 шешіміне
қосымша
Әскери есеп брондау жұмысын жүргізуін тексеру кестесі
№ р/с
Поселкелер атауы
Айлар
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1
Байшонас п/о
Х
2
Ескене п/о
Х
3
Доссор п/о
Х
4
Комсомол п/о
Х
5
Қошқар п/о
Х
6
Мақат п/о
Х