Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері туралы Мақат ауданы бойынша Салық комитетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы №ОНП-02-7/215 санды ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексін басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 9 ақпандағы № 310-ІІІ шешіміне қосымша Жарнама түрі Ай-сайынғы төлем-ақы Бір жолғы төлем - объект жарнамалары, көрсеткіштері 2 аек 4 аек - жарық түсетін табло, билбордтар, афишалар т.б. 2 ш.м. жоғары 4 аек 5 аек