Об утверждении целевых групп населения Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде және халықтың нысаналы топтарың әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шараларды бекіту мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданының аумағында тұратын тұлғалардың келесі тізімі анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) 21 жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілер, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәметке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалар ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлікке шығуға тақап жүргендер (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған тұлғалар);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарының босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан артық);
Тармақша 12
12) оқу орта, жалпы және жоғары білім мекемесінің бітірушілері.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 5 «Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтылуына жәрдем беру жөніндегі шаралары туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін іс-қимылға енеді.