Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования, и оказании государственной поддержки талантливой молодежи Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету және талантты жастарға мемлекеттік қолдауды көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 11-баптарына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 267 шешімімей бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, табысы төмен отбасылардан шыққан, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара отеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін: жоғары оқу орындарының 40 студентіне - 2007 жылдың ақпан айында 10000 теңге мөлшеріңде; кәсіптік орта оқу орындарының 36 студентіне - 2007 жылдың ақпан айында 5800 теңге мөлшерінде; жоғары оқу орындарының 20 студентіне - 10000 теңге мөлшерінде ай сайын 2007 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін; кәсіптік орта оқу орындарының 18 студентіне - 5800 теңге мөлшерінде ай сайын 2007 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін; педагогикалық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 40 студентіне 2007 жылы 100000 теңге мөлшерінде; медициналық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының 40 студентіне 2007 жылы 238100 теңге мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының талантты жастарына мемлекеттік қолдау көрсетілсін: 2007 жылы 265000 теңге мөлшерінде 3 жас ғалымға кандидаттық диссертацияны қорғау үшін; 2007 жылы 293500 теңге мөлшерінде 2 жас ғалымға аспиратурада білім алу үшін.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.С. Жақыпова) білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету және таланты жастарға мемлекеттік қолдауды көрсету жағынан Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді және талантты жастарға мемлекеттік қолдауды көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 420 «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.