О предоставлении жителям Южно-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына елдi мекен шегiнен тыс жерлерге емделу үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн жол жүруі туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен емделу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына Қазақстан Республикасы бойынша елді мекен шегінен тыс жерлерге тегін жол жүру берілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөніндегі комиссиясының шешімі негізінде азаматтардың республикалық деңгейде қымбат бағалы медициналық қызметтер және жоғары технологиялы медициналық қызметтер алуы жағдайында жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуға тиісті келесі құжаттар негізінде жол жүру ақысын төлеу емделу орнынан келген күннен екі ай мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылсын:
Тармақша 1
1) СТТН, пошталық мекен-жайы немесе ақша қаражаты аударылатын банкінің реквизиттері көрсетілген өтініші;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің және/немесе туу туралы куәлiгiнің көшірмесі;
Тармақша 3
3) белгіленген үлгідегі емделуге жолдаманың көшірмесі;
Тармақша 4
4) медицина ұйымының дәрігерлік-бақылау комиссиясының науқасты алып жүру қажеттілігі туралы қорытындысы;
Тармақша 5
5) емді қабылдағаны туралы науқас тарихынан көшірме;
Тармақша 6
6) бару фактісін растайтын, науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның атына рәсімделген жол билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қайта жол жүргенін растайтын анықтама.
Тармақ 4
4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал қалааралық автомобиль көлігінде - нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Емделуге жол жүру ақысын төлеу алушының таңдауы бойынша ақшаны поштамен аудару арқылы немесе салымдар бойынша науқастардың және оларды ертіп баратын тұлғалардың банктегі жеке немесе карточкалық шоттарына кіргізу арқылы Оңтүстік қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.