Аудан бойынша жұмыссыздардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тізбесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан бойынша жұмыссыздардың
кәсіби біліктілігін арттыру және
қайта даярлау мамандықтар
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі жөніндегі Ережесі туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісіне (С.Қани) бағдарламаны мезгілінде қаржыландыруды аудандық бюджеттен 2007 жылға қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Досановаға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің орынбасары: Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы.
10.01.2007ж.
Аппарат басшысы: Маңғыбаев Қуанғали Мәткерімұлы.
10.01.2007ж.
Аппарат заңгері: Алтынбай Мөлдір Ғалымжанқызы.
10.01.2007ж.
Аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің жетекшісі: Қани Сара Құлмырзақызы.
10.01.2007ж.
Орындаған Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жетекшісі: Садықов Демеген Мертеұлы.
10.01.2007ж.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 17.01.2007 ж.
№ 10 қаулысына қосымша 1
Жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тізбесі
№
Оқуға жолдама (адам)
Оқу мерзімі (ай)
Жол қаржы теңге
Жатахана құны теңге
Дәрігерлік анықтама құны теңге
Айлық оқу құны теңге
Тамақтану құны тенге
Барлығы мың. теңге
1
Компьютермен жұмыс жасау
30
1
-
-
2567
15000
-
527,1
2
Сарапшы
30
1
-
-
2567
15000
-
527,1
3
Жүк көтергіш
20
1
-
-
2567
15000
-
351,5
4
Оператор жанар маймен жұмыс жасау (ГСМ)
10
1
-
-
2567
15000
-
175,8
5
Жөндеуші
15
1
-
-
2567
15000
-
263,6
Барлығы
105
5
-
-
2567
15000
-
1845,0
Ескерту: Жергілікті жерден оқытылатын компьютермен жұмыс жасау, сапаншы, жүк көтергіш, жөндеуші мамандықтарды Түпқараған ауданы, Баутин кентінде Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы қызмет етеді. Жұмыссыздар сол политехникалық колледж филиалында оқитын болғандықтан жатахана ақысы , жол ақысы төленбейді.