Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 – бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 – бабына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу туралы нұсқаулық 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй – жайлары жалға беру шартының үлгісі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н. Иманғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғанннан кейін күшіне енеді.
Басқа 5
Аудан әкімиятының
2007 жылғы 24 қаңтардағы
№ 14 қаулысына қосымша
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жалға беру және пайдаланғаны үшін өтемақы алу туралы осы нұсқаулық (әрі қарай – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына, Қазақстан республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайлар беру, сондай-ақ тұрғын үй-жайлары пайдаланғаны үшін өтемақыны есептеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Негізгі түсініктер
1. Негізгі түсініктер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік коммуналдық меншік иелігіндегі барлық тұрғын жайларға осы нұсқаулықтың күші таратылады.
Тармақ 2
2. Аудандық атқарушы орган коммуналдық меншік түріне жататын тұрғын үйлерге және жайларға жататын кондоминимум объектілерін бірігіп басқару үшін кондоминимумға қатысқан және бекітілген иелердің бірлестігі мүшесі болып мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын атынан иелердің бірі болып саналады. Кондоминимум объектісін басқаруға қатысуды жалдаушыға коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе кәсіпорынның басшыс рәсімдейді.
Тармақ 3
3. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тұрғын жай – бекітілген техникалық, санитарлық және басқа мендетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған жәнепайдаланатын бөлек тұрғын жайі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайлары – мемлекеттік коммуналдық мекемелердің оралымды басқаруына немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық құқығына берілген тұрғын жайлар;
Тұрғын жайды жалға беру – тұрғын жайды немесе оның жартысын уақытша немесе тұрақты пайдалану және иелену құқығын растайтын құжат;
Жалға беруші – тұрғын жайдың иесі немесе оның иелігіндегі тұрғын жайды жалға беру жағы (коммуналдық мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын);
Жалдаушы – тұрғын жайды немесе оның жартысын тұрақты немесе уақытша тұрғын жайды жалға алатын жақ (жеке тұлға);
Коммуналдық қызмет - тұрғын үйге көрсетілетін сумен, канализациямен, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау қызметттері, қоқыс шығару және лифтімен жабдықтау қызметтері;
Тұрғын жай шығындары – тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына, пайдалануға, сондай-ақ жер учаскесін күтуге қажетті өтемақы соммасы.
Тармақ 4
4. Тұрғын жайды жалға беруден түскен қаржы жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй –жайларын жалға беру нормасы
2. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй –жайларын жалға беру нормасы
Тармақ 5
5. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй –жайлары азаматтардың уақытша және тұрақты тұруына арналған және белгіленген техникалық, санитарлық және басқа міндетті талаптарға жауап беретін жағдайда болуы қажет
Тармақ 6
6. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының азаматтарға берілетін жатақханалардың, тұрғын – үй жайларының және тұрғын үйлердегі пәтерлерінің тұрғын алаңының нормасы қолданыстағы заңдылыққа сәйкес белгіленеді.
Тарау 3. 3. Тұрғын жайжы жалға алу өтініштерін (қолдау хат) қарау
3. Тұрғын жайжы жалға алу өтініштерін (қолдау хат) қарау
Тармақ 7
7. Тұрғын жайға ие мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында және мемлекеттік мекемелер үшін селолық округ әкімдеріне тұрғын үй комиссиялары құрылды.
Тармақ 8
8. Комиссияға түскен өтініштер (қолдау хат) 30 күн мерзім ішінде қаралады. Белгіленген мерзім өткен соң қабылданған шешім туралы өтініш берушіге хабарланады.
Тармақ 9
9. Жалға беруші мемлекеттік мекеме селолық округ әкімінің тұрғын үй комиссиясының шешімі мен селолық округ әкімімің келісі негізінде мемлекеттік коммуналдық меншік иелігіндегі тұрғын жайды беруді ресімдейді.
Тармақ 10
10. Селолық округ әкімінің тұрғын үй комиссиясының шешімі 2 данада жасалады, оның біреуі тұрғын үй комиссиясында сақталады, екіншісі өтініш жазушыға беріледі.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын иелігіндегі тұрғын жайды беру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі 3 данада жасалады, оның біреуі кәсіпорын әкімшілігінде сақталады, екіншісі селолық округ әкіміне тапсырылады, үшіншісі өтініш жазушыға беріледі және ол тұрғын жайға енуге құқық беретін құжат болып саналады.
Тарау 4. 4. Жалға беру шартын рәсімдеу тәртібі
4. Жалға беру шартын рәсімдеу тәртібі
Тармақ 11
11. Жалға беруші тұрғын үй комиссиясының тұрғын жайды жалға беру туралы шешімді қабылдаған соң 30 күн ішінде жалға беру шартын және тұрғын жайды қабылдау – тапсыру актісін жасайды.
Тармақ 12
12. Жалдаушы жалға беру шартын жасаған және тұрған жайды қабылдаған күннен бастап тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлейді.
Тармақ 13
13. Инфляция индексіне сәйкес жалға алғаны үшін өтемақы көлемін қайта қарастыру туралы тармақ жалға беру шартында көрсетілуі тиіс.
Тарау 5. 5. Тұрғын жайды жалға тапсыру және кері қабылдау тәртібі
5. Тұрғын жайды жалға тапсыру және кері қабылдау тәртібі
Тармақ 14
14. Тұрғын жайды тапсыру-қабылдау актісі селолық округ әкімінің өкілінің қатысуымен жасалады және онда келесілер міндетті түрде көрсетіледі:
- актіні жасаған, берген жері және күні;
- жақтардың аты-жөні, реквизиттері;
- жалға беру шартының номері және күні;
- анықталған жарамсыздықтар тізімдемесі және тұрғын жайдың санитарлы – техникалық жағдайы;
Жақтардың қолдары.
Тармақ 15
15. Тапсыру-қабылдау актісі екі данада жасалады, оның біреуі жалға берушіде сақталады, екіншісі – жалға алушыға беріледі.
Тармақ 16
16. Жалға беру шартына қол қойған күннен кейін 5 күн аспайтын мерзімде жалға беруші тұрғын жайды тапсыруға міндетті.
Тарау 6. 6. Тұрғын жайды пайдаланғаны үшін өтемақының есебі
6. Тұрғын жайды пайдаланғаны үшін өтемақының есебі
Тармақ 17
17. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй – жайларын пайдаланғаны үшін өтемақыны жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Тармақ 18
18. Тұрғын жайды пайдаланғаны үшін өтемақыға тұрғын жайды күту шығындары және коммуналдық қызметтер төлемдері енбейді.
Тармақ 19
19. Жалға беруші тоқсан сайын инфляция деңгейін және басқа да факторларды есепке алып тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы көлемінің коэфициентін жалға алушыға хабарлайды. Инфляция деңгейі жөнінде анықтаманы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі береді.
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын пайдаланғаны үшін өтемақыны есептеу үшін мынандай көрсеткіштер қолданылады:
Нарықтың экономика жағдайындағы бағалар есепке алынып алғашқы баға көлемі 1ш.м. (С ед.) төмендегідей қабылданды:
- әлеуметтік қорғаудағы азаматтар үшін – 1 ш.м. – 5 теңге;
- бюджет саласының қызметкерлер және әскери қызметкерлері және әскери қызметкерлер үшін – 1ш.м. – 7 теңге;
- басқа топтағы азаматтар үшін – 1 ш.м. – 20 теңге.
Бөлме санын есепке алатын коэффициент – К бөл:
1 бөлмелі – 0,85;
2 бөлмелі-1,0;
3 бөлмелі – 1,1;
4 бөлмелі -1,15;
5 бөлмелі немесе оданда көп -1,2;
Пәтерлердің орналасуын есепке алу коэффициенті – Кор:
бұрышта -0,95;
бұрышта тұрған жоқ-1,0;
жеке тұрғын үй -1,0
Қабат коэффициенті-Кқ:
Тұрғын жайдың пайдалы алаңының 1 ш.м. пайдаланғаны үшін төлемақы келесі формула бойынша жасалды:
А ед – Сед.*К инф.*кбөл-Кор*Кқ*Кб*Кс*Кж*Ки*Кма
А ед – тұрғын жайдың пайдалы алаңының 1 ш.м. ақы, теңге;
Тұрғын жаймен пайдаланғаны үшін толық ақы келесі формула:
Ап.А ед*П, онда
А п – тұрғын жаймен пайдаланғаны үшін ақы, теңге;
А ед – 1 ш.м. ақы, теңге;
П – жалға алатын тұрғын жайдың жалпы алаңы, ш.м..
Тарау 7. 7. Жалға беру шарттарын пайдалануын бақылау
7. Жалға беру шарттарын пайдалануын бақылау
Тармақ 20
20. Жалға беру шарттарының орындалуын бақылауды жалға беруші жасайды.
Тармақ 21
21. Жалға беруші тұрғын жайды пайдаланғаны үшін өтемақыны бюджет кірісіне өткізгендігі жөнінде аумақтық салық органымен ай сайын салыстыру актісін жасайды.
Тармақ 22
22. салыстыру актісінің бір данасын жалға беруші ай сайын аудандық қаржы бөліміне тапсырылады.
Тарау 8. 8. Келіспеушіліктерді шешу
8. Келіспеушіліктерді шешу
Тармақ 23
23. Осы ережемен реттелмеген мәселелер бойынша жалға алу шартының жақтары Қр қолданылудағы заңдылықтарының нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 24
24. Табылатын келіспеушіліктер жақтардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарастырылады.
Басқа 38. Жалға беруші
Аудандық әкімиятының
2007 жылғы 24 қаңтардағы
№ 14 қаулысына 2- қосымша
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй – жайларды жалға беру шартының үлгісі
______селосы № ____ 200__ж «___» ____________
Жалға беруші
_____________________________________________________________
(коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе кәсіпорынның атауы)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(Мемлекеттік тіркеу нөмері)
_____________________________________________________________
(мекеме немесе кәсіпорын басшысының лауазымы,
_____________________________________________________________
Және азамат тегі,аты, әкесінің аты)
200___ж. ______№________ ҚР ІІМ берген (әрі қарай – Жалдаушы),
төмендегілер туралы осы шартты жасады:
Тарау 1. 1. Шарттың мазмұны
1. Шарттың мазмұны
Тармақ 1
1. Жалға беруші Жалға алушыға және оның отбасы мүшелеріне, мына мекен-жайдағы: _____________селосы__________ көшесі, _____үйдің, пайдалы алаңы ___________шаршы метр, №_____ пәтерін жалға береді (тұрғын үй –жайдың сипаттамасы қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тұрғын жайға (бөлмеге, пәтерге) коммуналдық және басқада қызметтер белгіленген тариф бойынша төлемақы құжаттарында сәйкес ай сайын қызмет көрсетушіге тікелей немесе Жалдаушы арқылы төленеді.
Тарау 2. 2. Жалға алғаны үшін төлемақы мөлшері және төлеу тәртібі
2. Жалға алғаны үшін төлемақы мөлшері және төлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Тұрғын жайды (пәтерді, бөлмені) пайдаланғаны үшін төлемақы ай сайын________теңге тұрады.
Тармақ 4
4. Шарт бойынша барлық есеп келесі тәртіппен жасалады:
Тармақша 1
1) Жалдаушы шарт жасаған күннен бастап тұрған бір айға толық көлемінде алдын ала төлемақы енгізуге міндетті.
Тармақша 2
2) Жалдаушы ессеп алған мерзімнен кейін келесі айдың кейінгі төлемақыларын әр айдың 5-і күнініен кешіктірмей төлеуі қажет. Төлемақы мерзімін сақтамағанға әр күнніне төлемақы сомасының 0,1% мөлшерінде өсім есептеледі.
Тармақ 5
5. Жалдаушы тұрғын жайды, оның инженерлік жүйесін және жалпы пайдаланудағы орындарын дұрыс пайдаланбай, техникалық сипатын бұзса, сындырса, тұрғын жайдың бұзылған элементтеріне келтірген зиянын көлеміне Жалға беруші айыппұл есептейді, Жалдаушы өтейді.
Өсім, айыппұл есептеу жақтарды оған жүктелген міндеттерден және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
Тармақ 6
6. Шарт бойынша бір айдан артық төлемақы төленбесе, жалға беруші Жалға алушыдан төлемақыны мәжбірлеп өндіру туралы өтінішін сотқа жолдауға құқылы.
Тармақ 7
7. Тұрғын жайды жалға берген үшін төлемақының мөлшерін инфляция индексінің өзгеруіне байланысты Жалға беруші қайта қарауға құқылы.
Тарау 3. 3. Жақтардың құқықтары
3. Жақтардың құқықтары
Тармақ 8
8. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) Жалға алушыдан және онымен бірге тұрғын жайында тұрып жатқан отбасы мүшелерінен тұрғынүйді және үй маңайларын күту және пайдалану ережесін сақтауда талап етуге;
Тармақша 2
2) Жалдаушының немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің қатысумен және келісімі бойынша тұрған жайдың және қойма жайлардың конструкциясының және техникалық жабдықтарының жағдайын тексеруге;
Тармақша 3
3) ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен және осы шартпен қарастырылған негіздерде және тәртіппен осы шартты бұзуға;
Тармақша 4
4) Егерде Жалдаушы және онымен бірге тұрып жатқандар тұрғын жайды бұзса немесе жайды басқа мақсатқа пайдаланса, төлемақыны үш айдан артық төлемесе тұрғын жағдайлардан басқа тұрғын жай бермей сот аоқылы шығарылуға;
Тармақша 5
5) Осы шарттың 5-тармағына сәйкес Жалдаушыға айыппұл салыуға құқылы.
Тармақ 9
9. Жалдаушы:
Тармақша 1
1) Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес тұрып жатқан жайына келесі отбасы мүшелерінен енгізуге:
Тармақша 2
2) Жалдаушы және оның отбасы мүшелері мерзімі үш айға кеттім деп жазбаша түрде Жалға берушіге ескерту жазса және осы мерзімге тұрғын жайды жалға алғаныүшін, күтуге байланысты шығындарға және коммуналдық қызметтерге ақы төлесе тұрғын жаймен пайдалану құқығын сақталуға;
Тармақша 3
3) уақытша жалдаушы жоқ болса да осы шарттың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тұрғын жайда тұрып жатқан Жалдаушының отбасы мүшелері осы шарттағы міндеттерді және құқықтарды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Жалға беруші қажет болған жағдайда тұрғын жайды жоспарсыз тексеруді жабдықтарының жағдайы туралы тексеру актісін жасатуға құқылы.
Тарау 4. 4. Жақтардың міндеттері
4. Жақтардың міндеттері
Тармақ 10
10. Жалға беруші
Тармақша 1
1) Жалдаушыға түргын жайды техникалық, санитарлық және басқада міндетті ггарға сай беруге;
Тармақша 2
2) Түрғын үйлерді және үй маңайларын күту және пайдалану ережелеріне және белгіленген талаптарына сәйкес, жалға берілетін түрғын жайдың техникалық жағдайын және күтуін жүргізуге
Тармақша 3
3) Түрғын үйді - коммуналдық қызметпен қамтуға;
Тармақша 4
4) Жалдаушыны оның талабы бойынша тарифтармен және тұрғын жайды күту және коммуналдық қызмет есептерімен таныстыруға;
Тармақша 5
5) Егер де тұргын жай жақтарға қатысты емес жағдай бойынша мақсатты пайдалануға келмесе, яғни апатты жағдайда немесе бұзуға жатса Жалға беруші үш ай мерзім ішінде Жалдаушымен басқа тұрғын жайды жалға беру шартын жасауға немесе Жалдаушының еркі бойынша осы шартты бұзуға;
Тармақша 6
6) Апат болған жағдайда оны жоюдың қажетті шараларын жасауға міндетті.
Тармақ 11
11. Жалдаушы:
Тармақша 1
1) Егер де осы шарт бойынша басқа ерекше жағдайлар туралы сөз болмаса тұрғын жайды мақсатты пайдалануға;
Тармақша 2
2) Түрғын жайдың техникалық және санитарлық жағдайын жөндеп ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауға, жыл сайын жылу мерзіміне дейін терезелерді, балкон және тұрғын жайдың кіреберіс есіктерін қысқы мерзімге дайындауға;
Тармақша 3
3) Тұрғын жайларды, жалпы пайдаланудағы орындарын, тұрғын үйлерді және маңайын күту ережесін және ертке қарсы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
Тармақша 4
4)Жалға берілген тұрғын жайдың су, жылу, электрэнергияларын есептегіш құралдардың және олардың жүйелерінде анықталған ақаулар туралы уақытылы Жалға берушіге хабарлауға;
Тармақша 5
5) Тұрғын жайды рүқсатсыз қайта жабдықтамауға және қайта жоспарламауға;
Тармақша 6
6) Басқа жалдаушылармен тұрып жатқан тұрғын жайды рұқсатсыз айырбастамауға;
Тармақша 7
7) Тұрғын жайда тұрмыстық қалдықтарды, атылатын, токсикалық және өртке қауіпті заттарды сақтамауға;
Тармақша 8
8) Осы шарттың жағдайларына сәйкес пайдаланған коммуналдық және басқа да қызметтерге, тұрғын жайды жалға алғаны үшін белгіленген көлемде төлемақы төлеуге;
Тармақша 9
9) Тұрып жатқан пәтеріне күндізгі уақытта, ал апатты жағдайда түнгі уақытта тұрғын жай элементтерін қарап, жөндеу үшін Жалға берушінің және тұрғын жайға қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жасайтын мекемелердің өкілдерін және қызметкерлерін кіргізуге;
Тармақша 10
10) Тұргын жайды, жалпы пайдаланудағы орындарды, тұрғын үйді кұралдарын бұзуға байланысты шығындар көлемі егер де Жалдаушының онымен бірге тұрып жатқандардың кесірінен болған жағдайда тәртіппен Жалға берушіге өтеуге міндетті.
Тармақша 12
12) Жалдаушының уақытша жоқ болуы осы шарт бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.
Тарау 5. 5. Жалға беру шартын жасау негізі
5. Жалға беру шартын жасау негізі
Тармақ 13
13. 200___ ж. «____» _______________№ ___________________________________шешімі
Осы шартты жасауға негіз болып саналады.
Тарау 6. 6. Шартты тоқтату негізі
6. Шартты тоқтату негізі
Тармақ 13
13. Шарт өз күшін келесі жағдайларда тоқтатады:
Тармақша 1
1) Жақтармен белгілеген мерзім өткен соң;
Тармақша 2
2) Егерде Жалдаушы осы шарттың 2 тармағын сақтамаса Жалға берушінің бойынша, сондай-ақ ҚР "Тұрғын үй қатынастары Заңымен қарастырған негіздер мен жағдайлар бойынша шарт мерзіміненбұрын бір жақты тоқтатылуы мүмкін;
Тармақша 3
3) Жалдаушының және оның отбасы мүшелері басқа мекен-жайға тұрақты тұруга кетуіне байланысты.
Тармақ 14
14. Шарттағы тоқтатқан немесе бұзған жағдайда Жалдаушы және онымен бірге тұрып жатқан адамдар басқа тұрғын жай бермей, егер де ондай жағдай ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен қарастырылмаса шығаруға жатады.
Тармақ 15
15. Тұрғын жайдың конструкцияларына зақым келтірмей тұрғьн жайды Жақсартуға Жалдаушының өз қаржы есебінен атқарылған жұмыстар Жалға тұрғын жаймен бірге тапсырылады және ол жұмыстар жалға беруші өтеуге жатпайды.
Тармақ 16
16. Шартты тоқтатып, бұзғанда тұрғын жайды Жалдаушыдан Жалға тапсырғанда тапсыру актісі екі жақтың өкілдерінің қатысуымен жасалады. 17. Шарт әр жақтардың ықласы бойынша әр уақытта кемінде бір ай бұрын қарсы жақты жазбаша түрде ескерту арқылы тоқтатылады.
Тармақ 18
18. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 107 бабы негізінде бұзылған шартты кайта жасауға болмайды.
Тарау 7. 7. Тұрғын жайды қабылдау-тапсыру мерзімі және тәртібі
7. Тұрғын жайды қабылдау-тапсыру мерзімі және тәртібі
Тармақ 19
19. Шешімге құзырлы органның қолы қойылған соң және осы жалға беру шарты жасалған соң үш күн мерзімде қабылдау-тапсыру актісі бойынша Жалға беруші тұрғын жайды Жалдаушыға тапсырады.
Тармақ 20
20. Тұрғын жайды тапсыру актісіне сәйкес шарттың тоқтату мерзімінен бір күнөткең соң Жалдаушы Жалға берушіге тұрғын жайды тапсырады.
Тармақ 21
21. Екі жақтың өкілдерінің қатысумен тұрғьн жайды тапсыру-қабылдау актісі және тұрғын жайды жалға беру актісі осы шарттың ажырамас бөлігі больп саналады.
Тарау 8. 8. Жақтардың жауапкершілігі
8. Жақтардың жауапкершілігі
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген тәртіппен осы шартпен қарастырылған міндеттерді орындамауына байланысты келтірген материалдық зиянды Жалға беруші Жалдаушыға өтейді.
Тармақ 23
23. Тұрғын жай Жалдаушының кесірінен бұзылған жағдайда жауапкершілік Жалдаушыға жүктеледі.
Тарау 9. 9. Жалпы талаптар
9. Жалпы талаптар
Тармақ 24
24. Осы шартты орындау кезінде жақтар арасында болған келіспеушіліктер ҚР заңдылығымен белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 25
25. Осы шарт екі данада жасалады және бірдей күші бар, Жалдаушыда және Жалға берушіде сақталады.
Тармақ 26
26. Жалға беру шартының ажырамас бөлігі болып мыналар саналады:
- жалдаушыға берілетін тұрғын жайдың қабылдау-тапсыру актісі;
- жалға берушіге тұрғын жайды тапсыру актісі.
Тармақ 27
27. Осы шартқа жазбаша түрде жазылған және екі жақтың қолдары қойылған жағдайда барлық өзгерістер және толықтырулар жарамды болады.
Тарау 10. 10. Тараптардың деректемелері
10. Тараптардың деректемелері
«Жалға беруші» «Жалдаушы»
______________________ _____________________
______________________ _____________________
______________________ _____________________
______________________ _____________________
М.О.
Шарттың жағдайымен танысқан
Жалдаушының отбасы мүшелері:
________________________________________________________________
________________________________________________________________