О порядке ввоза, реализации и использования нефтепродуктов в Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 12.02.2002 № 18 қаулысымен.
Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінің жанар-жағар материалдарын тасу және өткізумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тексерулері, жанар-жағар материалдарын өткізуде тиесілі бақылау мен тәртіптің жоқтығын, шаруашылық субьектілерінің салық төлеуден және басқада мемлекеттік
бюджетке міндетті төлемдерден жалтаруына әкеліп соқтыратынын көрсетті. Қазіргі кезде бақылау функциялары бар мемлекеттік органдардың бақылауы жүргізген тексерістердің ішінара және жүйесіз сипат алып отырғанын көрсетуде. Мұнай өнімдері нарығында жұмыс істейтін салық төлеушілер туралы толық мәліметтер жоқ.
Бірқатар фирмалар қатаң бақылаудың жоқтығын пайдаланып, өздерінің мәмілелерін тауар биржаларында тіркемей келісім-шарт жасауда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7-ші көкектегі 2170 «Тауар биржалары туралы» Заң күші бар Жарлығын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28-ші шілдедегі 1035 «Биржалық тауарлардың Тізбесін бекіту туралы» қаулысын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің 1998 жылғы 18-ші маусымдағы 115-р «Контрабандалық тауарлардың Қазақстан
Республккасына әкелуін және әкетілуін болдырмау және мемлекеттік бақылауды күшейту туралы» өкімін бұзуда.
Тексерістер Ақтөбе облысы аумағында мұнай өнімдерін сату санитарлық – экологиялық талаптарға және істеп тұрған мемлекеттік стандарт нормаларына сай келмейтіні, сонымен қатар жанармай стансалары иелері тарапынан техникалық және өрт қауіпсіздігін бұзу жағдайлары анықталды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты облыс әкімі ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Мұнай өнімдерінің тасылуын, өткізілуін және пайдалануын бақылауды үйлестіру жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса жалғанған:
Тармақша 1
1) мұнай өнімдерінің тасылуын, өткізілуін және пайдалануын бақылауды үйлестіру жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану Тәртібі;
Тармақша 3
3) жанармай стансаларына қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) жанармай стансаларының мемлекеттік стандартқа, құрылыс нормаларымен ережелеріне, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік Куәлігінің үлгісі бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қазақстан темір жолы» Еншілес мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалына (Т. Алдабергенов) жеті сайын облыстық салық комитетіне және мұнай өнімдерінің тасылуын, өткізілуін және пайдалануын бақылауды үйлестіру жөніндегі ведомоствоаралық комиссияға әкелінген мұнай өнімдерінің кәлемі және оны әкелушілер туралы мәлімет беріп түру міндеттелсін.
Тармақ 4
4. «Көкжар» агроөнеркәсіп тауар-шикізат биржасы (Е. Құрманғазин) жеті сайын облыстық салық комитетіне және мұнай өнімдерінінің тасылуын, өткізілуін және пайдалануын бақылауды үйлестіру жөніндегі ведомоствоаралық комиссияға биржада мұнай өнімдерімен жасалынған мәмілелер туралы мәліметтер беріп тұрсын.
Тармақ 5
5. «Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін әкелу, сату және пайдалану Тәртібі» 1999 жылғы 1-ші маусымнан күшіне енгізілсін.
Тармақ 6
6. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Иманқұловқа жүктелсін.
Басқа 11
1999 жылғы 25 мамырдағы № 86
Облыс Әкімінің шешімімен
бекітілген
Мұнай өнімдерінің әкелуін, сатуын және пайдалануын бақылауды үйлестіретін ведомствоаралық комиссия құрамы
Иманқұлов Еділбай Исламұлы
- облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Имантаев Ермек Жетпісбайұлы
- облыстық салық комитетінің төрағасы,
комиссия төрағасының орынбасары
Әбдібеков Нұрмүханбет Қанапияұлы
- облыстық экономика басқармасының бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әлімов Қуантхан Мырзабекұлы
- Ақтөбе қаласы Әкімінің орынбасары
Алдабергенов Талғат Сағиұлы
- фирмалық көлік қызмет көрсету орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпөрны Ақтөбе филиалының директоры
Бисембаев Тарғанбай Байжанұлы
- «Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Егімбаев Болат Саукенұлы
- облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақтарда құрылыс салу басқармасының бастығы
Габдолла Ибрагим Габдоллаұлы
- Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелесті қорғау комитетінің төрағасы
Есқожин Бердіғали Дүйсенұлы
- Ақтөбе облысы бойынша көлікті бақылау комитеті басқармасының бастығы
Жекеев Мәлік Наурызғалиұлы
- жер ресурстарын басқару облыстық комитетінің төрағасы
Иманбеков Алмас Әбдібайұлы
- облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Испаев Жолдығали Сағынбайұлы
- Ақтөбе облысы мемлекеттік өрт қызметінің бастығы
Картов Әлібек Намимұлы
- Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасыкың бастығы
Крутько Сергей Васильевич
- төтенше жағдайлар бойынша облыстық басқармасының бастығы
Құрманғазин Есмұхан Ақнаурызұлы
- «Көюкар» агроөнеркәсіп тауар-шикізат биржасының президенті
Құстанов Есенгелді Әжғалиұлы
- облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Тасыбаев Жанис Махмұтұлы
- жол полициясы басқармасының бастығы
Онайбаев Елеу Жолдасұлы
- облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің
бас дәрігері
Басқа 12
1999 жылғы 25 мамырдағы № 86
Облыс Әкімінің шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облысында мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану тәртібі
Ақтөбе облысындағы мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану тәртібі /бұдан әрі - Тәртіп/ "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 Заң күші бар Жарлығына, "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035 қаулысына,
"Контрабандалық тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуін және Қазақстан Республикасынан әкетілуін болдырмау және оған мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатындағы" Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкіміне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау мекемесінің 1996
жылғы 25 қазанда бекіткен "Тұрақты, көнтейнерлі және жылжымалы жанар-жағармай стансаларын техникалық пайдалану ережесі" сонымен қатар басқа да пайдаланылып жүрген нормативтік және ведомстволық актілер мен нормаларға сәйкес өндірілген. Мұнай өнімдерін пайдалануды жөнге қоюдағы мақсат - Ақтөбе қаласымен облыста санитарлы-экологиялық жағдайды
сауықтыру, оларды әкелуге, сатуға және пайдалануға нақты бақылау жасау, жанар-жағармайларды пайдаланатындардың құқығын қорғау, мемлекеттік бюджетке салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің толық жиылуын қамтемесіз ету.
Бөлім 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Тәртіп Ақтөбе облысына мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану жөніндегі талаптарды реттейді, оларды сақтау мен сатуда экологиялық талаптарға және өртке қарсы нормалар мен ережелерге сәйкес қауыпсыздықты сақтайды, жанар-жағармайларды пайдаланушылардың құқығын қорғайды, оның
сапасын қадағалайды және жанар-жағармайларды сатудан алынатын салықтың толық ұсталуына мүмкіндік береді.
Тармақ 2
2. Бұл тәртіпті облыс жеріне жанар-жағармай әкелетін, оларды көтерме немесе бөлшек саудамен сататын және кез келген көлік түрімен таситын заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Экологиялық талаптар мен белгіленген нормаларға сай емес мұнай өнімдерін әкелуге, сатуға және пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Мұнай өнімдерін әкелетін, сататын және пайданалатын заңды және жеке тұлғалар бұл жөніндегі заңмен белгіленген нормаларды сонымен қатар экологияны сақтау талаптары мен техникалық және өрттен қорғау ережелерін сақтауға міндетті.
Бөлім 2. 2. Мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану тәртібі.
2. Мұнай өнімдерін тасу, өткізу және пайдалану тәртібі.
Тармақ 5
5. Мұнай өнімдерін сатып алу-сату жөніндегі барлық келісімдерге шарт жасалуға және ол шарт міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы бар тауар биржасында тіркелінуге тиіс.
Тауар биржалары мұнай өнімдерінің көтерме саудасын ұйымдастырып және реттеп тұрады. Олар өз жұмысында "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2170 заң күші бар Жарлығымен, "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі № 1035
қаулысымен және Премьер Министрдің 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкіміне сай жұмыс істейді.
Тармақ 6
6. Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарымен тасу арнайы жабдықталған терминалдар мен талапқа сай теміржол тұйықтарында атқарылуы тиіс.
Тармақ 7
7. Облыс жеріне өндірген заводтың сәйкестік сертификаты бар мұнай өнімдері өткізіледі ондай құжаты болмаған кезде әкелінген мұнай өнімдері сынауға дейін уақытша сақталатын қоймаларда /терминалдарда/ сақталынады. Сақтау мен сынау шығыны шаруашылық субъектілердің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Шаруашылық субъектілері мұнай өнімдерін тек қолында өндірген зауодтың сәйкестік сертификаты немесе оның әр партиясына сынау хаттамасы болғанда және тауар биржасында тіркелінгенде ғана сатуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Мұнай өнімдерінің сапасын анықтау мақсатында керекті мөлшере мұнай өнімдерін бақылаушы мекемелердің қызметкерлері мен ведомоствоаралық комиссияның өкілдері алады.
Шаруашылық субъектілері оларға қажетті мөлшердегі өнімді берулері және құжаттарды көрсетулері тиіс.
Тармақ 10
10. Мұнай өнімдеріне өткізілетін лабораториялық сынау мен биржада тіркелу шығындары шаруашылық субъектілерінің есебінен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Қала аймағында мұнай өнімдерін жылжымалы жанар-жағармай стансаларынан және отын таситын көліктерден сатуға тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, жіберуге және сатуға жауапты адамдар тұрақты, контейнерлі жанар-жағармай стансаларын техникалық пайдалану және өрт қауыпсыздығын сақтау жөніндегі арнаулы ережелер бойынша оқудан өтіп, жанар-жағармайлармен жұмыс істеуіне рұқсат берілетін құжаттары болулары керек.
Бөлім 3. 3. Жанар-жағармай стансаларын іске қосу және оның жұмысын тексеру тәртібі.
3. Жанар-жағармай стансаларын іске қосу және оның жұмысын тексеру тәртібі.
Тармақ 13
13. Жанар-жағармай стансаларын (ЖЖС) салу және оны іске қосу, жанар-жағармай стансасын орналастыру, салу және іске қосу тәртібін белгілейтін құқұқтық нормативтік актілерге сай берілген рұқсат бойынша іске асырылады.
Тармақ 14
14. Жанар-жағармай станциясын іске қосу жөніндегі актіге мемлекеттік өрт, экология органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік инспекция, стандарт және өлшем құралдарына мемлекеттік қадағалау, көлік – инспекциясы органдары қол қояды да, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары - ведомоствоаралық комиссия төрағасы бекітеді.
Тармақ 15
15. Жанар-жағармай стансасын іске қосу актісі жанар-жағармай стансасына сәйкестік Куәлігін беруге негіз бола алады.
Тармақ 16
16. Жанар-жағармай стансасы тек жанар-жағармай стансасын пайдалануға сәйкестік Куәлігі болған жағдайда ғана қызмет істей алады. Куәлікті ведомоствоаралық комиссия береді. Куәлік жанар-жағармай стансасының бүкіл қызмет аралығына жарақты.
Тармақ 17
17. Қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік стандарттарды, құрылыс нормаларымен тәртібін, «Техникалық пайдалану ережелерін» және өрт қауыпсыздығының талаптарын бұзған жағдайда жанар-жағармай стансасының иесі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке (айыпқа) тартылады және Куәлігі алынып қойылады.
Куәлікті қайталап беру айып төленгеннен және анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана беріледі.
Тармақ 18
18. Куәлік тек мына жағдайларда ғана жаңартылып қайтадан шығуы тиіс:
Тармақша 1
1) жанар-жағармай стансасындағы бақылау-есептеу құралдарымен механизмдерін ауыстырғанда;
Тармақша 2
2) жанар-жағармай тарататын колонкаларды ауыстырғанда;
Тармақша 3
3) мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардың көлемі өзгергенде;
Тармақша 4
4) жанар-жағармай стансасының иесі ауысқанда.
Тармақ 19
19. Куәлік, шаруашылық субьектілері куәлік дайындап бергені үшін бір рет төлейтін төлемін төлегеннен кейін беріледі не болмаса жаңартылып беріледі. Жанар-жағармай стансасының пайдалануға сәйкестік Куәлігін дайындағаны үшін алынатын төлем 10 ең төменгі есептеу көрсеткішін құрайды.
Бөлім 4. 4. Мұнай өнімдерін жанар-жағармай стансасында қабылдау, сақтау және сату ережелері.
4. Мұнай өнімдерін жанар-жағармай стансасында қабылдау, сақтау және сату ережелері.
Тармақ 20
20. Автоцистерналармен, отын таситын көліктермен жанар-жағармай стансасына келген мұнай өнімдерін осы стансаның иесі немесе оның өкілі /операторы/ тауар-көліктік қағазы, тауар биржасында тіркелінген белгісі және сәйкестік сертификаты болса ғана қабылдайды.
Тармақ 21
21. Мұнай өнімдерін жанар-жағармай стансасының резервуарына құйып алардың алдында жанар-жағармай стансасының иесі немесе оның өкілі автоцистернадан сұйық отынды ағызатын құрылымдардың дұрыстығын цистернаның түбіңде су барлығын анықтайды содан кейін автоцистернадан
мұнай өнімінің тексеруге керекті мөлшерін алып оның тығыздығы мен температурасын, түсін, тазалығын, су және басқа қоспа, барлығын анықтап, сапасын журналға жазады.
Тармақ 22
22. Мұнай өнімдерінің сапасың сақтау үшін жанар-жағармай стансасының иесі:
Тармақша 1
1) резервуарлар мен жанар-жағармай тарататын колонкалардың, сүзгі құрылымдарының дұрыстығы мен тазалығын сақтауы керек
Тармақша 2
2) резервуарларға судың кірмеуін қамтемесіз етеді
Тармақ 23
23. Жанар-жағармай стансасының иесі темір резервуарлардың
Тармақша 1
1) майлар үшін жылына 2 рет
Тармақша 2
2) автобензин, дизельдік отын үшін 2 жылда бір рет мемлекеттік стандартқа сәйкес тазартылуын ұйымдастырады және құжатпен бекітеді.
Тармақ 24
24. Жанар-жағармай стансасында мұнай өнімдерінің сапасы кем дегенде айына бір рет ГОСТ арқылы тексеріледі. Жанар-жағармай стансасына автоцистернамен келген мұнай өнімдерінің сапасын уақытында анықтауға және жіберілген мұнай өнімдерінің сапасы үшін жанар-жағармай стансасының иесі
жауап береді.
Бөлім 5. 5. Жауапкершілігі.
5. Жауапкершілігі.
Тармақ 25
25. Әкелінген, сатылып және пайдаланып жатқан мұнай өнімдерінің экологиялық талапқа, мемлекеттік стандарт нормасына, өрт қауіпсіздігіне және сәйкестік сертификатына сай еместігі анықталғанда олар жойьілуға немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсанындағы № 1891
қаулысына сәйкес арнайы комиссияның шешімімен қайта өңделуге тиіс.
Тармақ 26
26. Сынау үшін керекті мұнай өнімдерін алушы өкілдерге қарсылық білдірілсе, немесе мұнай өнімдері биржада тіркелмегені анықталса олар тиісті шешім қабылданғанша мұнай өнімдерін сату мен пайдалануды тоқтатуға құқы бар.
Тармақ 27
27. Шаруашылық субъектілері осы тәртіпті бұзса немесе тексеруші органдардың талабын орындамаса ведомосаралық комиссия олардың жауапкершілігін өзі қарайды немесе заң жүзінде жауапқа тартылуы үшін тиісті органдарға хабарлайды.
Тармақ 28
28. Осы тәртіп талаптарының бұзылғанын арнайы өкілдер анықтайды немесе нақты құжаттар арқылы анықталады.
Басқа 54
1999 жылғы 25мамырдағы № 86
облыс Әкімінің шешімімен
бекітілген
Жанар-жағармай стансаларына қойылатын талаптар.
Жанар-жағармай стансалары РД-112РК-002-94 "Тұрақты, контейнерлі және жылжымалы жанар-жағармай стансаларын пайдалану ережесіне сәйкес қажетті жабдықтармен және өлшеуіш құралдарымен қамтемесіз етілуі керек. Жаңар-жағармай стансасының иесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қалалық техникалық бақылау мекемесінің 1996 жылғы 25 қазанда бекіткен "Тұрақты, контейнерлі және жылжымалы жанар - жағармай стансаларын техникалық Пайдалану ережесінің" талаптарын орындауға міндетті.
Бұнан басқа жанар-жағармай стансасында мынандай құжаттар болуға тиіс:
- жанар-жағармай стансасын пайдалану туралы сәйкестік куәлігі;
- жанар-жағармай стансасын техникалық пайдалану тәртібі;
- техника және өрт қауыпсыздығы бойынша нұсқау;
- мұнай өнімдерін жіберетін аппараттармен жұмыс істеу үшін жанар-жағармай стансасының операторларына арналған нұсқау;
- құралдар мен мүліктер, жабдықтар есеп журналы;
- жанар-жағармай стансалары жұмысшыларына арналған қызмет нұсқауы;
- қызметтік міндет иелерінің жанар-жағармай стансасын байқау журналы;
- жанар-жағармай стансасының есеп құралдарымен жабдықталу табелі
- әр алынған және сатылған жанар-жағармай партиясының өндіруші зауыт берген сәйкестік сертификаты;
- мемлекеттік лицензиясы бар тауар биржасында мұнай өнімдерінің тіркелігені жөніндегі құжат;
- әр алынған және сатылған жанар-жағармай партиясының сынау хаттамасы;
- фискальды касса аппараты;
- салық комитетінде тіркелінген касса кітабы;
- өлшеу құралдарын мемлекеттік стандарттау және метрология органдарында тексерістен өткізу журналы, және де өлшеу құралдарының мемлекеттік тексеру
сертификаты;
- мұнай өнімдерін қабылдау есеп журналы;
- мұнай өнімдерінің сапасы жөніңдегі есеп журналы.