О Медико-экологической программе области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың медициналық - экологиялық бағдарламасы туралы Қолайсыз экологиялық факторлардың облыс тұрғындарының денсаулығына тигізетін әсерін азайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы ақпанның 19-дағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 - 2000 жылдарға арналған іс қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 119 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған Медициналық – экологиялық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Медициналық – экологиялық бағдарламаны орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Басқа 3. Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған медициналық – экологиялық бағдарламасы
Облыс әкімінің 1999 жылғы қаңтардың 19-дағы № 17 шешіміне қосымша Облыстың 1999 - 2000 жылдарға арналған медициналық – экологиялық бағдарламасы Соңғы жылдары облыс тұрғындары денсаулығының жағдайы нашарлай түсуде. «Сауықтыру», «Полигон» бағдарламалары бойынша, аудитпен өткізілген ғылыми зерттеулер Семей ядролық жарылыстары жиынтығының әсері, атмосфералық ауаның ластануы мен қоршаған ортаның басқа да қолайсыз фактілері облыс тұрғындары денсаулығының төмендей түсуін шешуші әсер еткендігін дәлелдеді. Облыс тұрғындарының денсаулығына келтірілген зиянды шамамен 9 млрд. теңге көлемінде бағалауға болады. Балалар арасындағы денсаулық индексі бар-жоғы 10 - 12 %, жүкті әйелдер арасында – 8 - 10 % құрайды. Жүкті әйелдердің 80 %-тен астамы анемиямен ауырады. Семей ядролық полигоны аймағы мен экологиялық ластанған аумақтардағы тұрғындарды зерттеу нәтижесінде тексеруден өткізілген бір сәбидің 3 - 4, бір ересек адамның 4 - 6, 4 ауру түрімен ауратындығы анықталады. Уақытша еңбекке жарамсыздық және мүгедектікке шығу деңгейі жыл сайын өсуде, 40-тан 60-қа дейін кәсіби аурулардың пайда болу жағдайлары тіркелуде. Демографиялық жағдай соңғы 5 жылда күрт өсті: бала туу 1992 жылғы 1000 адамға шаққандағы 16,1-ден 1997 жылы 11, 4-ке кеміді. Жалпы өлім саны тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 7,8-ден 10,7-ге өсіп, табиғи өсу тұрғындардың 1000 адамына шаққанда 8,3-тен 0,7-ге дейін қысқарды. Аса қауыпты аурулар ошағы белең алуда, облысқа тырысқақ, оба, безгек ауруларының таралу қаупі бар. Жоғары деңгейде туберкулез, сифилис, онкологиялық аурулар түрлері тіркелуде, 10 адамнан ВИЧ жұқпалы ауруы табылады. Тұрғындар арасындағы өлімнің 20 %-не нашар экологиялық жағдайы себеп болып отыр. Өнеркәсіп кәсіпорындарында ауа қорғау шараларының орындалуы, сонымен бірге өндіріс көрсеткіші көлемінің құлдырауы атмосфералық атмосфералық ауадағы қалдықтардың төмендеуіне себеп болды. 1997 жылы 1989 жылмен салыстырғанда стационарлық көздерден шығатын ластағыш заттар қалдықтары 2,5 есеге азайып, 514,0 мың тоннаны құрады. Бірақ та облыс бір адамға шаққанда зиянды қалдықтар шығарудан орташа республикалық деңгейден 4 есе дерлік өсіп, бірінші орында келеді.