Об установлении охранной зоны Государственного Национального природного парка "Бурабай" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сыртқы қолайсыз әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында жалпы алаңы 371 897 гектар жер учаскелерінде, оның ішінде 152 182 гектары Бурабай ауданында, 210 953 гектары Біржан сал ауданында, 8 762 гектары Бұланды ауданында қорғау аймағы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы жерлерін шаруашылықаралық жерге орналастырудың бекітілген жобасына сәйкес шекараларда белгіленсін.
Тармақ 1-1
1-1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес, Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында шаруашылық қызметті реттейтін режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса ұсынылып отырған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақмола облысы әкімдігінің 2007 ж. 23.01. N A-2/22 қаулысымен БЕКІТІЛДІ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Ұлттық парктің қорғалу аймағының құрамына енгізілген барлық жерлерге тарайды, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге; елді мекендердің жерлеріне; көлік, байланыс және энергетика жерлеріне; сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлерге; орман қорының жерлеріне; су қорының жерлеріне; қосалқы жерлерге.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
Тармақша 2
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
Тармақша 3
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
Тармақша 4
4) аң аулауға;
Тармақша 5
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
Тармақша 6
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
Тармақша 7
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
Тармақша 8
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы қызметі;
Тармақша 2
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
Тармақша 3
3) туристік және рекреациялық қызмет;
Тармақша 4
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
Тармақша 5
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
Тармақша 6
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 7
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
Тармақша 8
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
Тармақша 10
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
Тармақ 5
5. Ұлттық парктің қорғалатын аймағында осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар әлемі объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге рұқсат етіледі.