Об утверждении Перечня целевых групп населения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды көздесін.
Тармақ 3
3. «Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 158 қаулысының (2006 жылғы 24 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-30, № 27 «Сарыкөл» газетінде 2006 жылдың 7 шілдесінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ол бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн аралығында қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Р. Жалғасовқа жүктелсін.
Басқа 6. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 59 қаулысына қосымша Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмек немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 13
13. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ жұмыстан бос жастар.
Тармақ 14
14. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.