Об утверждении Положения "О порядке регистрации в Государственном реестре ценных бумаг облигаций хозяйствующих субъектов в Республике Казахстан и присвоения им национальных идентификационных номеров" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.2003 № 382 қаулысымен. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аталған Ереже сараптау және тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберiлсiн.
Тармақ 3
3. Корпоративтiк қаржы басқармасы қабылданған Ереженi республиканың қор биржаларына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Корпоративтiк қаржы басқармасына жүктелсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның 1997 жылғы 8 қазандағы N 162 қаулысымен бекiтiлдi Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы ереже Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi облигациялар эмиссияларын есепке алудың рәсiмiн реттейдi, сондай-ақ Бағалы қағаздардың ұлттық сандық бiрдейлендiру жүйесiндегi (ҰСБЖ) Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн (ҰБН) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) беруiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы айналысқа жататын акциялар, облигациялар және басқа да мемлекеттiк емес бағалы қағаздар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиялары мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.
Тармақ 1.3
1.3. Облигациялардың эмиссияларын тiркеу БҚҰК тиiстi нормативтiк актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Бағалы қағаздардың ҰСБЖ Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосылған бағалы қағаздарды есепке алу жүйесiн реттеуге және стандарттауға, сондай-ақ бағалы қағаздардың кодтарын бiр iзге салуға арналған. ҰСБЖ ISIN 6166.2 Бағалы қағаздардың халықаралық бiрдейлендiру жүйесiнiң негiзгi принциптерiне сәйкес келедi және бағалы қағаздарды бiрдейлендiрудiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бiртұтас жүйесi болып табылады.
Тармақ 1.5
1.5. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн, бiрегей әрiптi-санды кодтар болып табылатын Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi ҰСБЖ негiзi болып табылады.
Тармақ 1.6
1.6. Бағалы қағаздардың тiркелген эмиссиялары туралы мәлiметтер Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) енгiзiледi.
Тармақ 1.7
1.7. Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясын тоқтата тұру, заңды емес деп тану не жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл туралы ақпарат Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi және БҚҰК арнаулы басылымында жарияланады.
Тармақ 2. 2. Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және облигациялардың эмиссияларына мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерiн берудiң әдiстемесi
2. Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу және облигациялардың эмиссияларына мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерiн берудiң әдiстемесi
Тармақ 2.1
2.1. Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзудi БҚҰК атқарушы аппараты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
Тармақша а
а) қағаздық негiзде (тiгiлген және БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен бекiтiлген, беттердiң санын көрсетiп бағалы қағаздарды тiркеу журналы нысанында);
Тармақша б
б) компьютерлiк жазба нысанында.
Тармақ 2.2
2.2. Бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеу журналдары қатаң есеп беру құжаттары болып табылады. Бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеу журналына эмитент туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi: - эмитенттiң толық атауы; - эмитенттiң ұйымдық-құқықтық нысаны; - эмитенттiң орналасқан жерi; - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырған органның атауы; - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелген күнi; - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi; - мамандандыру (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.); - акционерлiк қоғамдар үшiн соңғы эмиссияның тiркелген күнi және ол бойынша есептi бекiткен күн көрсетiледi; - жарғылық капиталының мөлшерi; - эмиссиясының көлемi; - облигация шығарылымының күнi; - проценттiк ставканың немесе дисконттың немесе "қалқымалы" проценттiк ставкалардың (орналастыру туралы есеп берудiң нәтижелерi бойынша) мөлшерi; - облигациялардың түпкiлiктi өтелген күнi; - облигациялардың алдыңғы эмиссияларын өтеудiң қорытындылары туралы есептi бекiту күнi; - бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларға салынған салықтардың сомасы, төлем тапсырмасының нөмiрi және күнi; - осы эмиссияның тiркеу нөмiрi (бұдан әрi -Эмиссияның нөмiрi); - ҰБН беруге сұранымды алған күн; - осы шығарылымның бағалы қағаздарының Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi (ҰБН).
Тармақ 2.3
2.3. Компьютерлiк жазбаларда мынадай жолдар болады: - Заңды тұлғаның атауы; - ОКПО коды; - Ұйымдық-құқықтық нысаны; - ОКОНХ коды; - Заңды тұлғаның толық мекен-жайы; - Заңды тұлғаны тiркеген орган, сондай-ақ тiркеу күнi және нөмiрi; - шетелдiк қатысудың болуы; - мамандандыру; - Акционерлiк қоғамдар үшiн эмиссия тiркелген күн, эмиссияның нөмiрi, алдыңғы эмиссия бойынша есеп бекiтiлген күн; - Эмиссияны тiркеу күнi; - Эмиссияның реттiк нөмiрi; - Жарғылық қордың теңге бойынша мөлшерi; - Осы эмиссияның теңге бойынша көлемi; - Облигациялар шығарылымының күнi; - Облигацияларды өтеу күнi; - Проценттiк ставканың мөлшерi; - Эмиссияға салынған салықтың сомасы; - Эмиссияның нысаны; - Тәуелсiз тiзiлiм ұстаушы; - Облигация эмиссияларын орналастырудың қорытындылары туралы есеп бекiтiлген күн; - Облигация эмиссияларын өтеудiң қорытындылары туралы есеп бекiтiлген күн; - Эмиссияның жойылған күнi (эмиссия жойылса); - Облигациялардың түрлерi бойынша эмиссияның құрылымы, бастапқы құны және саны, сондай-ақ бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша ҰБН; - Облигацияны өтеудiң басқа шарттары; - Орындаушы; - Ескертулер.
Тармақ 2.4
2.4. Мемлекеттiк тiркеуге Бағалы қағаздар эмиссияларының нөмiрлерiн беру, Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу және ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру кiредi.
Тармақ 2.5
2.5. Облигациялар эмиссияларының мемлекеттiк нөмiрлерi екi рәмiзден, араб санынан және/немесе латын алфавитiнiң әрпiнен тұрады, және де нөмiрдiң бiрiншi позициясы - әрқашан латын әрпi, ал екiншi позициясы - не араб саны не латын алфавитiнiң әрпi болады. Нөмiр беру нөмiрдiң бiрiншi позициясында латын алфавитiнiң бiрiншi әрпiнен және екiншi позициясында бiр санынан басталады. Келесi нөмiрлер беру 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес тiркеу нөмiрiн кезектi көбейту және нөмiрлердiң позициясын екiншi позициядан бастап солдан оңға қарай толтыру арқылы жүргiзiледi. Нөмiр AZ жеткеннен кейiн латын алфавитiнiң келесi әрпiне көшедi және нөмiрдi санау бiр санынан басталады.
Тармақ 2.6
2.6. Жаңадан тiркеу журналы ашылғанда оған екiге бөлiнген осы журналдағы бос беттердiң санына сәйкес келетiн тiркелген Эмиссиялар нөмiрлерiнiң белгiлi бiр саны бекiтiледi.
Тармақ 2.7
2.7. Тiркеу журналын жүргiзу аяқталғанда осы тiркеу журналында бекiтiлген, берiлмеген Эмиссиялардың нөмiрлерi эмитенттердiң осы түрiнiң жаңа тiркеу журналына бекiтiледi. Бұл жағдайда жаңа журналға екiге бөлiнген бос беттердiң санына сәйкес келетiн нөмiрлердiң саны бекiтiледi.
Тармақ 2.8
2.8. Акциялардың бiрiншi шығарылымы тiркелген жағдайда эмитенттiң эмиссиясының нөмiрi тиiстi эмиссияны тiркеу журналындағы журнал позициясының реттiк нөмiрiне сәйкес келедi. Эмиссияны тiркеу журналының ашпалы екi бетi позиция болып табылады.
Тармақ 2.9
2.9. Осы эмитенттiң акцияларының келесi эмиссияларын тiркегенде Эмиссияның нөмiрi Мемлекеттiк тiзiлiмге сәйкес бiр санын шегерумен жүзеге асырылатын эмиссияның реттiк нөмiрiн сызықша арқылы қосумен алдыңғы эмиссияның Нөмiрiне сәйкес болады. Бұл ретте осы позицияның нөмiрi келесi бетке өтедi.
Тармақ 2.10
2.10. Эмиссия тоқтатыла тұрған не оны заңсыз деп таныған жағдайда уәкiлеттi орган тiзiлiмде шешiм қабылданған күндi және санкцияның қолданған органды көрсете отырып бұл туралы жазба жазады.
Тармақ 3. 3. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi
3. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. ҰБН облигацияларға, олардың эмиссияларын Облигациялар шығарылымын және өтелiмiн тiркеудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ ISIN халықаралық бiрдейлендiру нөмiрлерi (бұдан әрi -ISIN ХБН) жоқ шетелдiк эмитенттердiң акцияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа қосуға жiберiлген кезде берiледi.
Тармақ 3.2
3.2. ISIN ХБН бар және Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа қосуға жiберiлген шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарын бiрдейлендiру үшiн Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi берiлмейдi және оларды есепке алу берiлген ISIN ХБН негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3.3
3.3. Бiр түрдегi барлық бағалы қағаздардың эмиссияларын мемлекеттiк тiркеген кезде бiрыңғай ҰБН берiледi. Бағалы қағаздардың бiр түрiне мынадай бағалы қағаздар жатады: - бiр түрдегi (акциялар, облигациялар және т.б.); - бiр эмитент шығарған; - бiрдей номиналды; - иеленушiге бiрдей мүлiктiк құқықтар беретiн және эмитенттiң бiрдей мiндеттемелерiн растайтын.
Тармақ 4. 4. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн есептеудiң әдiстемесi
4. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн есептеудiң әдiстемесi
Тармақ 4.1
4.1. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн құрастыру үшiн 1-таблицаға сәйкес араб сандары және латын алфавитiнiң әрiптерi пайдаланылады.
Тармақ 4.2
4.2. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi үш бөлiктен тұрады: елдiң коды, негiзгi нөмiр және бақылау саны.
Тармақ 4.3
4.3. Елдiң атының екi әрiптi коды болып табылатын қосымша. Қазақстан Республикасы үшiн KZ коды пайдаланылады.
Тармақ 4.4
4.4. Негiзгi нөмiр санды және әрiптi рәмiздерден тұратын тоғыз позициядан тұрады. Негiзгi нөмiрдiң позициясын санау ҰБН үшiншi позициясынан бастап, солдан оңға қарай жүргiзiледi.
Тармақ 4.4.1
4.4.1. Негiзгi нөмiрдiң бiрiншi позициясы бағалы қағаздың үлгiсiн айқындайды: 2 - 1 айдан 12 айға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң; 7 - 1 жылдан 5 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң; A - 5 жылдан 25 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң;
Тармақ 4.4.2
4.4.2. Негiзгi нөмiрдiң екiншi позициясы - облигациялардың 1-қосымшасының 1-таблицасына сәйкес айналыс мерзiмi; - 12 айға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялар үшiн -айлармен; - 1 жылдан астам айналыс мерзiмi бар облигациялар үшiн -жылдармен, егер орналастыру мерзiмi саны тұтас емес жыл болып табылатын жағдайда, математиканың ережелерiне сәйкес дөңгелектеу жүргiзiледi;
Тармақ 4.4.3
4.4.3. Негiзгi нөмiрдiң үшiншi позициясы - 1-қосымшаның 2-таблицасына сәйкес эмитенттiң орналасқан жерiн бiлдiредi;
Тармақ 4.4.4
4.4.4. Негiзгi нөмiрдiң төртiншi және бесiншi позициялары эмитенттi Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде белгiлеу үшiн пайдаланылады;
Тармақ 4.4.5
4.4.5. Негiзгi нөмiрдiң алтыншы позициясы 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес өтеу айының күндерiн (1-ден V-ға дейiн) белгiлеу үшiн пайдаланылады;
Тармақ 4.4.6
4.4.6. Негiзгi нөмiрдiң жетiншi позициясы 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес өтеу айын белгiлеу үшiн пайдаланылады;
Тармақ 4.4.7
4.4.7. Негiзгi нөмiрдiң сегiзiншi және тоғызыншы позициялары өтеу жылын белгiлеу үшiн пайдаланылады (00 ден 99 дейiн, бұл ретте 2000 жыл - АО, 2001 жыл - А1 және т.б.);
Тармақ 4.5
4.5. ҰСБЖ ҰБН оң жақ шеткi саны ISО/DIS 6166.2 Халықаралық стандартына сәйкес есептелiнетiн бақылау саны болып табылады.
Тармақ 5. 5. Бақылау санын есептеудiң тәртiбi және мысалдары
5. Бақылау санын есептеудiң тәртiбi және мысалдары
Тармақ 5.1
5.1. Бақылау саны ҰСБЖ ҰБН алдыңғы он позициясын толтырылғаннан кейiн есептелiнедi.
Тармақ 5.2
5.2. ҰБН бақылау санын есептеудiң тәртiбi: - 1-кезең. ҰБН әрiптi рәмiздер 1-таблицаға сәйкес тиiстi сандармен ауыстырылады; - 2-кезең. Алынған қатардың әрбiр саны коэффициентке көбейтiледi. Қатардың оң жағынан бастап тақ орында тұрған әрбiр сан үшiн коэффициент 2-ге тең, жұп орындарда тұрған үшiн коэффициент 1-ге тең; - 3-кезең. 2-кезеңде алынған сандық қатардың барлық сандары жиынтықталады; - 4-кезең. Егер 3-кезеңде алынған сома 0-ге тең болса, онда ҰБН бақылау саны 0 болып табылады. Басқа жағдайда бақылау саны, шегерiлген сомадан көп болатын саннан алынған шегерудiң нәтижесi болып табылады және 10 дәрежелi барлық сандардың ең төменгiсi болып табылады.
Тармақ 5.3
5.3. МЫСАЛ      Құралған ҰБН KZ261A8C598 бақылау санынсыз:      1-кезең  ------------------------------------------- | K | Z | 2 | 6 | 1 | A | 8 | C | 5 | 9 | 8 | |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---| |2|0|3|5| 2 | 6 | 1 |1|0| 8 |1|2| 5 | 9 | 8 |  -------------------------------------------      2-кезең ------------------------------------------------------------ | 2 | 0 | 3 | 5 | 2 | 6 | 1 | 1 | 0 | 8 | 1 | 2 | 5 | 9 | 8 | |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|-------| | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---| | 4 | 0 | 6 | 5 | 4 | 6 | 2 | 1 | 0 | 8 | 2 | 2 |1|0| 9 |1|6| ------------------------------------------------------------      3-кезең      4+0+6+5+4+6+2+1+8+2+1+0+9+1+6= 57      4-кезең      Бақылау саны мынаған тең: 60-57=3.      Алынған толық ҰБН: КZ261А8С5983. Мысалға келтiрiлген ҰБН мыналар айтылған: 6 айлық айналыс мерзiмдi облигацияның осы эмиссиясын Ақмола облысында орналасқан шаруашылық жүргiзушi субъект шығарған, облигацияны өтеу күнi 1998 жылғы 12 мамыр, эмитент Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне А8 нөмiрмен енгiзiлген.
Басқа 48. ҰБН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РӘМIЗДЕР
1-ҚОСЫМША 1-таблица ҰБН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РӘМIЗДЕР --------------------------------------------------- |  0=0  |  6=6  |  C=12  |  I=18  |  O=24  |  U=30  | |-------|-------|--------|--------|--------|--------| |  1=1  |  7=7  |  D=13  |  J=19  |  P=25  |  V=31  | |-------|-------|--------|--------|--------|--------| |  2=2  |  8=8  |  E=14  |  K=20  |  Q=26  |  W=32  | |-------|-------|--------|--------|--------|--------| |  3=3  |  9=9  |  F=15  |  L=21  |  R=27  |  X=33  | |-------|-------|--------|--------|--------|--------| |  4=4  |  A=10 |  G=16  |  M=22  |  S=28  |  Y=34  | |-------|-------|--------|--------|--------|--------| |  5=5  |  B=11 |  H=17  |  N=23  |  T=29  |  Z=35  |  --------------------------------------------------- 2-таблица ОБЛЫСТАРДЫҢ КОДТАРЫ -------------------------------------------------------------------- |Ақмола облысы 1 |Қостанай облысы 9 | ---------------------------------|--------------------------------- |Ақтөбе облысы 2 |Қызылорда облысы A | ---------------------------------|--------------------------------- |Алматы облысы 3 |Маңғыстау облысы B | ---------------------------------|--------------------------------- |Атырау облысы 4 |Павлодар облысы C | ---------------------------------|--------------------------------- |Шығыс Қазақстан облысы 5 |Солтүстiк Қазақстан облысы D | ---------------------------------|--------------------------------- |Жамбыл облысы 6 |Оңтүстiк Қазақстан облысы E | ---------------------------------|--------------------------------- |Батыс Қазақстан облысы 7 |Алматы қаласы K | ---------------------------------|--------------------------------- |Қарағанды облысы 8 |Ақмола қаласы L --------------------------------------------------------------------