Вопросы предоставления в имущественный наем (аренду) объектов коммунальной собственности Западно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласы әкімдері, мемлекеттік кәсіпорындардың (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік басқару органдары болып табылатын облыстық департаменттер мен басқармалар осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Ереженің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 164 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 489 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 164 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 322 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2945 тіркелген, 2005 жылғы 12 қарашадағы N 136 "Орал өңірі" және 2005 жылғы 12 қарашадағы N 136 "Приуралье" облыстық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жылдық жалгерлік ақының мөлшерлемесін белгілеу әдістемесін келісу туралы" 2006 жылғы 30 маусымдағы N 213 қаулысы бұзылсын.
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері" туралы 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 424 қаулысы бұзылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. М. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 9. Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру ЕРЕЖЕСІ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы N 28 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі қағидаттарын, міндетті тәртібін айқындайды
Тармақ 2
2. Осы Ережеде төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жалдау - мүліктік жалға алу;
Тармақша 2
2) жалдау шарты - "Жалға беруші" "Жалгерге" мүлікті ақылы уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттейтін шарт;
Тармақша 3
3) "жалға беруші" - мүлік иесі немесе мүлік иесі атынан және коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган болып табылатын, мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына қатысатын тарап;
Тармақша 4
4) "жалгер" - мүлікті келісілген ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға алған мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына қатысатын тарап;
Тармақша 5
5) "теңгерім ұстаушы" - заңнамада белгіленген тәртіппен иелігінде (теңгерімінде) мемлекеттік коммуналдық мүлкі бар ұйым;
Тармақша 6
6) нысан - ведомстволық қарауына (теңгеріміне) қарамастан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үй емес қорлар, үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар және басқа да, заң тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік иелігіне түскен мүліктер;
Тармақша 7
7) мемлекеттік тұрғын үй емес қор - коммуналдық меншікке жататын, облыстық тұрғын үй қорына кірмейтін мемлекеттік ғимараттар, үй-жайлар немесе құрылыстар;
Тармақша 8
8) тараптар - бірге "Жалға беруші" немесе "Жалгер" деп аталушылар.
Тармақ 3
3. Ғимараттар - мемлекеттің ерекше меншігі болып табылатын сәулет, тарихи және мәдени ескерткіштері, олардың қолданылуы мен пайдаланылуына Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын қорғауға және пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органдарының келісімі болған жағдайда ғана мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру құқығы "Теңгерім ұстаушымен" келісім бойынша коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның (бұдан әрі - "Жалға беруші") ерекше құзырына жатады. Негізі - коммуналдық меншік нысанын мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру келісімін "Теңгерім ұстаушы" аталған нысандарды орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайтын қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асыруы тиіс. Нысанның "Теңгерім ұстаушысы" нысан жөніндегі мәліметтердің дұрыстығына және нысанды "Жалгерге" белгіленген мерзімде қабылдау-беру актісімен беру тәртібін жүзеге асыруға жауапты.
Тармақ 5
5. Жалгерлік ағы толығымен жергілікті бюджетке төленеді.
Тармақ 6
6. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Тармақ 7
7. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар жалгерлік ағы төлеуден босатылады.
Тармақ 8
8. "Жалға беруші" жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру мақсатында коммуналдық меншік нысандарын жалға (жалдауға) беруді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын орналастыру және Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын заңды және жеке тұлғаларға жалға (жалдауға) беру жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі - комиссия).
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына "Жалға берушінің", облыстық департаменттер мен басқармалардың, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері (келісім бойынша) кіреді. Комиссия мүшелерінің сандық құрамы 5 адамнан кем болмауы тиіс. "Жалға берушінің" өкілі комиссияның төрағасы болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өзінің жұмыс кестесін әзірлеп, бекітеді;
Тармақша 2
2) комиссия хаттамасын дайындау арқылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік болып табылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастыру немесе жазбаша нысанда себебін көрсете отырып, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерді және коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік нысаны болып табылатын ғимараттарға (үй-жайларға) орналастырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) комиссия хаттамасын дайындау арқылы мақсатты пайдалануға мүліктік жалға (жалдауға) беру немесе жазбаша нысанда себебін көрсете отырып, нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы конкурс өткізеді. "Жалға беруші" конкурстық ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақша 5
5) нысанды мүліктік жалға (жалдауға) тапсыру конкурсының жеңімпазын анықтайды. Комиссия шешімі бойынша ұсыныстары ТЭН-ге сәйкес, нысанды тиімді пайдалануда, өндірілетін өнімдерінің тауар нарығында қажеттілігі бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Егер конкурсқа қатысушылар бірдей ұсыныстар жасаса, комиссия жеребе тастау тәртібін қолдануға құқылы;
Тармақша 6
6) конкурс нәтижесі туралы хаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру тәртібі
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды орналастыру тәртібі
Тармақ 11
11. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардан келіп түскен коммуналдық меншік нысаны болып табылатын ғимараттарға (жайларға) орналастыру туралы өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) теңгерім ұстаушының жазбаша келісімі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мүдделі мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың нысанның қажеттілігіне техникалық-экономикалық негіздеме және нотариалды куәландырылған құрылтайшылық құжаттары (құрылтайшы шарты, жарғы немесе ережесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі) болған жағдайларда қаралады.
Тармақ 12
12. Түскен өтінімдерді қарау және шешім қабылдау, егер заңнамаларда басқалай көрсетілмесе, жалпы негізде бір ай мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Өтінімдерді және табыс етілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия төмендегідей шешімдердің бірін қабылдайды:көр
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды коммуналдық меншік нысаны болып табылатын ғимараттарға (жайларға) орналастыру туралы. Комиссияның оңды шешімі болған жағдайда мемлекеттік мекемелер немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен теңгерім ұстаушы арасында коммуналдық қызметтер үшін, күрделі және ағымдағы жөндеулерге аударымның, нысанға қызмет көрсетуге төлемдердің түсу тәртібі көрсетілген шарт жасалады.
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарды, жазбаша түрде себебін көрсете, коммуналдық меншік нысаны болып табылатын ғимараттарға (жайларға) орналастырудан бас тарту туралы.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру өтінімдерін қарау тәртібі
3. Коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру өтінімдерін қарау тәртібі
Тармақ 14
14. Нысандарды мүліктік жалға (жалдауға) беруге өтінімдерді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттіккуә коммуналдық қазыналық кәсіпорындардан басқа, егер заңнамада басқалай көрсетілмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлғалар беруі мүмкін. Өтінімнің белгіленген үлгісі "Жалгерге" беріледі (өтінім үлгісі қоса берілді).
Тармақ 15
15. Егер заңнамада басқалай көрсетілмесе, келіп түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау жалпы негізде бір ай мерзімде өткізіледі.
Тармақ 16
16. Нысандарды мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы келіп түскен өтінімдер мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН);көш
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар - құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (құрылтайшы шарты, жарғы немесе ережесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі), салық төлеуші куәлігінің көшірмесі, филиалдар - нотариалдық куәландырылған құрылтайшылық құжаттары (ережесі, мемлекеттік тіркеу куәлігі), мәмілелерді жасауға нотариалдық куәландырылған сенімхат, шетелдік заңды тұлғалар үшін - мемлекеттік және орыс тілдеріне тәжімаланған құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар - егер заңнамада басқалай көрсетілмесе, нотариалдық куәландырылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі және тіркелген тұрағын анықтайтын (мекенжайын), сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының және салық төлеуші куәлігінің көшірмесі болғанда қаралады.
Тармақ 17
17. Өтінушіге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екі не одан да көп өтінім болса, нысанды мүліктік жалға (жалдауға) тек конкурстық қорытындылары бойынша ғана берілуі мүмкін.
Тармақ 18
18. Өтінімдерді қабылдау және конкурсқа қатысуға ниет білдіргендерді тіркеу талап етілген құжаттардың толық жиынтығы болған кезде ғана жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия өтінімдерді және ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) нысанды мақсатты пайдалану бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы;
Тармақша 2
2) осы нысан бойынша "Жалгерді" таңдау конкурсын жүргізу туралы;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары бірдей болған жағдайда, жеребе тәртібін жүргізу туралы;
Тармақша 4
4) жазбаша себептерін көрсете отырып, мүліктік жалдауға (жалға) беруден бас тарту туралы.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысушылардың (олардың өкілдерінің) ұсыныстарды талқылауға және бағалауға қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 21
21. Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 22
22. Комиссияның мәжілісі, егер оған комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысса, заңды болып табылады.
Тармақ 23
23. Комиссияның қорытындысы, комиссияның хаттамасымен және конкурстық қорытындысы туралы хаттамамен ресімделеді, оған барлық қатысып отырған мүшелер қол қояды және "Жалға беруші" бекітеді. Конкурстық қорытындысы туралы хаттамада төмендегідей деректер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) нысанның атауы;
Тармақша 3
3) нысанның техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылардың тізімі және олардың ұсыныстары;
Тармақша 5
5) конкурс жеңімпазы;
Тармақша 6
6) мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына қол қоятын тараптардың міндеттемелері туралы мәліметтер. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның мөрімен куәландырылған конкурс нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі конкурс жеңімпазына беріледі және ол мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тарау 4. 4. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты
4. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты
Тармақ 24
24. Комиссия хаттамасы немесе конкурс қорытындысы туралы хаттама негізінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
Тармақ 25
25. Комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей "Жалға берушімен" мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
Тармақ 26
26. "Жалгер" қол қоймаған жағдайда немесе нысанды белгіленген мерзімде қабылдау-өткізу шаралары жүзеге асырылмаған жағдайда, мүліктік жалға (жалдауға) алу шарты жасалмаған және заңды күші жоқ деп танылады.
Тармақ 27
27. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында міндетті түрде төмендегідей ережелер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 2
2) шартты орындаудың талаптары;
Тармақша 3
3) нысанның техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) "Жалгерге" нысанды мүліктік жалға (жалдауға) берудің мерзімі мен шарт мерзімі;
Тармақша 5
5) жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін төлем енгізу тәртібі, мөлшері мен мерзімдерін қамтуы тиіс;
Тармақша 6
6) "Жалға берушінің" құқығы: заңнамада белгіленген тәртіппен шартты біржақты бұзуды жүзеге асырады; "Жалгердің" нысанды мақсатты пайдаланылуын тексереді; шарт бойынша нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беруден туындайтын дауларды шешуде сотқа жүгеді.
Тармақша 7
7) "Жалға берушінің" міндеті: нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына қол қойылғаннан кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей нысанды "Теңгерім ұстаушымен" акті арқылы "Жалгерге" беруді қамтамасыз етеді; шартта көрсетілген тәртіппен "Жалгерге" нысанды иемденіп және пайдалануына кедергі келтіретін әрекеттер жасамайды; шартты уақытынан бұрын біржақты бұзу туралы шарттың бұзылуына дейін бір айдан кем емес уақытта "Жалгерге" жазбаша ескерту жасайды;
Тармақша 8
8) "Жалгердің" құқығы: жалға алған мүлікті қосымша жалға (жалдауға), мүліктік жалға (жалдауға) беру шартымен өзінің құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаға беруге, болмаса заңнама актілерінде басқалай тәртіппен белгіленбеген жағдайда, жалға алған мүлікті өтеулі (өтеусіз) пайдалануға үшінші тұлғаға тек "Жалға берушінің" жазбаша келісімі болғанда ғана береді; "Жалға берушіге" шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және шартты бұзу туралы ұсыныстар жасайды.
Тармақ 9
9. "Жалгердің" міндеттері: нысанды шарт талаптарына сай пайдаланады; шартта белгіленген тәртіп бойынша жалгерлік ақыны және басқа да төлемдер (өсімдер) мөлшерін мерзімінде төлейді; нысанды тиісті тәртіппен ұстайды, нысанға немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамайды; мүлікті түзу жағдайда ұстады, егер заңнамамен немесе шартпен басқалай көзделмесе, өз есебінен мүлікті ағымдағы жөндеуден өткізеді және мүлікті ұстау жөніндегі шығындарды көтереді; егер нысанға келтірілген зақымдарға өзі жауапты болса, оған өз есебінен жөндеу жүргізеді; "Жалға берушінің" алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз нысанды, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлау немесе басқалай қайта жабдықтау жүргізуге жол бермейді; "Жалға берушінің" санитарлық қадағалау қызметінің және жалға берілген нысанды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің нысанға және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат береді, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жояды; шартты уақытынан бұрын бұзу туралы шарттың бұзылуына дейін бір айдан кем емес уақытта "Жалға берушіге" жазбаша ескертеді; шарт бұзылған немесе оның көші жойылған жағдайда, "Жалгердің" және "Теңгерім ұстаушыға" қолдары қойылған қабылдау-өткізу актісі бойынша нысанды "Теңгерім ұстаушыға" қайтаруды қамтамасыз етеді; нысанды шартта көрсетілген мерзімде қанағаттанарлық жағдайда қайтарады; нысанды техникалық сипаты пайдалануға жарамсыз немесе қанағаттанғысыз (нормативтік көрсеткіштерден артық тозған) жағдайда тапсырылса, келтірілген зақымның орнын өтейді; мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында және заңнамада көрсетілген басқа да міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Сәулет, тарихи және мәдени ескерткіштерді мүліктік жалдауға беру кезінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шартына нысанды сәулет, тарихи және мәдени ескерткіш ретінде сақтауға бағытталған қосымша ережелер қосылады.
Тармақ 29
29. Айыппұл санкцияларын төлеу кінәлі тараптарды шарт жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 30
30. Бір жыл мерзімге дейін жасалған ғимараттар мен құрылыстарды мүліктік жалға алу (жалдау) шарты әділет органдарына бағынышты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тіркелуге жатады. Жалға алу шартын мемлекеттік тіркеуден өткізу "Жалгердің" есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Нысанды қабылдау-өткізуді "Теңгерім ұстаушы" мен "Жалгердің" уәкілетті өкілдері жүзеге асырады, қабылдау-өткізу актісінде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) акті жасалған орын мен күні;
Тармақша 2
2) "тараптардың" мүддесін білдіруге уәкілдік ететін өкілдердің құжаттарының атауы мен реквизиттерінің сәйкестігі;
Тармақша 3
3) нысанды оған сәйкес берілуі өткізілетін жалға беру шартының нөмірі мен қол қойылған күні;
Тармақша 4
4) берілетін нысанның анықталған ақаулары тізімімен бірге техникалық жағдайы;
Тармақша 5
5) "тараптардың" мөрлерімен расталған өкілдердің қолдары.
Тармақ 32
32. Нысанды қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізген сәттен бастап, мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты заңды күшіне енеді, ол шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты біреуі - "Жалға берушіде" сақталып, біреуі - "Жалгерге" берілетін екі данада жасалады.
Тармақ 33
33. Қабылдау-өткізу актісі үш данада жасалып, оның біреуі "Жалға берушіде", біреуі "Теңгерім ұстаушыда" және біреуі "Жалгерде" сақталады.
Тарау 5. 5. Коммуналдық меншік нысанын пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем
5. Коммуналдық меншік нысанын пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем
Тармақ 34
34. Мүліктік жалға (жалдауға) беру үшін жалгерлік төлемге коммуналдық қызмет көрсету төлемдері, ағымдағы және күрделі жөндеуге аударымдар, нысанға қызмет көрсету төлемдерi енгiзiлмейдi.
Тармақ 35
35. "Жалгер" бұл төлемдерді ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызмет көрсетушілерге тікелей, болмаса "Теңгерім ұстаушымен" келісім бойынша төлейді.
Тармақ 36
36. Коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) берген жағдайда жалдау ақысын және оның коэффициенттік көлемі мөлшерлемесін, нысандардың орналасқан аумағы, техникалық сипаттамасы, сондай-ақ бағыты мен пайдаланылуын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың келісімі арқылы "Жалға беруші" бекітеді. Егер мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында және заңнамаларда басқалай қаралмаса, мүлікті пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем мөлшерлемесі жылына бір мәрте өзгертілуі мүмкін. Егер мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында басқалай қаралмаса, мүлікті пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем мөлшерлемесі АЕК өзгеруі немесе басқалай жағдайларға сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 37
37. Жалгерлік төлем мерзімді немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің тұрлаулы сомасында барлық жалданатын мүлік тұтастай немесе оның құрамдас бөлігінің әрбірі үшін бөлек, ол жөнінде мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында көрсетіліп, белгіленеді. Ғимараттың бөлігін жалдау ақысын есептегенде, ортақ пайдаланылатын бөлмелерді (қосымша көлем), "Жалгердің" сол көлемдерді пайдалану үлесін ескеру қажет.
Тармақ 38
38. "Жалға беруші" айлық есеп көрсеткішінің өзгеруіне байланысты немесе басқа да факторларға байланысты жалдау ақысы мөлшерінің өзгергені жөнінде "Жалгерге" хабарлайды.
Тарау 6. 6. Жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу
6. Жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу
Тармақ 39
39. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартын "Жалға беруші" мерзімінен бұрын мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) "Жалгер" заңды тұлға ретінде таратылғанда;
Тармақша 2
2) "Жалгердің" жалдау шарты талаптарын бұзғанда;
Тармақша 3
3) егер "Жалгер" мүліктік жалға (жалдауға) алу шартымен белгіленген мерзімде төлемді қатарынан екі рет төлемесе;
Тармақша 4
4) заңнамалар актісі немесе шартта көзделген жағдайда "Жалға берушінің" талабы бойынша;
Тармақша 5
5) "Жалгердің" "Теңгерім ұстаушымен" келісе отырып, "Жалға беруші" атына жазбаша хабарлауы бойынша;
Тармақша 6
6) нысан саудада сатылған жағдайда;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында немесе шартта қаралған басқа да жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылады.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу
Тармақ 40
40. "Тараптар" мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 41
41. Нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын даулар "тараптардың" өзара келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарастырылады.
Тармақ 42
42. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты талаптарын бұзғаны үшін тараптар қолданыстағы заңнамаға немесе шартқа сәйкес жауап береді.
Басқа 110. Мүліктік жалға алуға (жалдауға) өтінім
Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесіне ҚОСЫМША ________________________ ________________________ Мүліктік жалға алуға (жалдауға) өтінім ________________________________________________________________ (өтінім берушінің толық атауы және мемлекеттік тіркеу деректері) Сiзден осы өтiнiммен ұсынылатын құжаттарды қарап және тұрғын үйге жатпайтын мемлекеттiк қордағы, төмендегi мекен-жайда орналасқан орын-жайды мүлiктiк жалға беру (жалдау) туралы шешiм қабылдауыңызды өтiнемiн. БҚО, ___________________________________________________________ көшесіндегі, теңгерім ұстаушы___________________________________ (құрылтайшы құжаттарына сәйкес мекеменің толық атауы) жалпы ауданы ________ шаршы метр, оның ішінде: пайдаланылатыны ____ ш.м. қосалғы ___________ ш.м. (200__ж. "____"___________ жағдайдағы) жабдықтардың саны________, қалдық құны ________________ теңгемен. _________________________________________________________________ ____________________________________________________________ үшiн (қызмет түрiн көрсету) 200__жылдық "__" _____ мерзiмiнен 200__жылдық "___" ______ дейiн. (мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі) Жалпы көлемі ___ шаршы метр (жазумен) теңгерім ұстаушымен келісілген. (теңгерім ұстаушының жауапты адамның қолы,лауазымы, аты,жөні, мөрі) Жеке басын куәландыратын құжат_______________________ N_________ берілген_________________________________________________________ өтінім иесінің мекенжайы, телефоны:______________________________ _________________________________________________________________ өтінім иесінің банктік реквизиттері: ИИК_________, СТТ________, БИК_________, Банк____________________ Өтінім иесінің қолы ____________Т.А.Ә. __________________ __________________________ __________________________ Ескерту: мүліктік жалға алу (жалдау) жөніндегі өтінімге (өтінімді қарау үшін қажетті белгіленген құжаттар тізбесі) қоса беріледі.