Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынын 7 бабының 5-4 тармақшасына,18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Аудандыр жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып табылсын.
Тармақ 3
3. Аудандыр жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі (М.Б.Тілеуберген):
Тармақша 1
1)халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті орган да тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2)2007 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;
Тармақша 3
3)әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардын есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандыр қаржы бөлімі (Г.М.Бейсекулова) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа eнеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Мухаметқали Баймұратұлы Тілеуберген
Аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Гулмира Мұқатайқызы Бейсеқұлова
Басқа 10
Ескелді аудан әкімдігінің
«05» 02 2007 жылғы
«Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы»
№ 28 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey ТӘРТІБІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді ipiктey Тәртібі Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілерді еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын жұмыс берушілерді ipiктey келесідей ерекшеліктері:
Тармақша 1
1)әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
Тармақша 2
2)әлеуметтік жұмыс орындары уакытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
Тармақша 3
3)жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күшімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;
Тармақша 4
4)әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.